Туындылар ✍️

Жастықтың қадірін білу
Жастық шақтың екі айналмас алтын дəуір, өнер-ғылым үйрене- тін, əрқандай қиындықты бұйым құрлы көрмей, аңсаған арманға же- тіп, бақыт-байлық жарататын, арындаған, жалындаған кез екендігін
шынайы ұғынып жəне оны ғанибет біліп, жастық шақты мəнді, мағы- налы өткізуге күш салу керек. Яғни, «жас болсаң – білім жиып бой- лап өс, қартайсаң – қасиетті ойға көш» деген даналықты есте берік сақтап, «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дəулет бер» дейтін ха-
лық даналығының мəніне терең үңіліп, жас дəуренді қадірлеп, аялап, оны бос ойын-күлкімен өткізбей, бойда күш-қайрат бар кезде өнер- ғылым, үлгі-тағылым үйреніп, қартайғанда адал еңбегі мен ащы тері- нің игілігін көру, халыққа, Отанға, туған жерге бақыт-байлық жарату, яғни, жас дəуренді ойын-күлкімен өткізіп жіберіп, бойдан қуат, бастан ақыл кемігенде «қап!» деп өкініп қалудан сақтану. Жастықты – тең- дессіз бақыт-байлық деп білу.
Бұл тəрбиенің де өзіндік маңызы бар. Ол ұрпақтарды жастық шақ- ты қадірлеп мəн-мағыналы өткізуге, жастайынан өнер-білім үйреніп, халқына, Отанына адал қызмет етуге, мəдениетті, өнегелі болуға же- телейді.