Туындылар ✍️
АЛТЫ БАЙЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРУ
Қазақ халқы ұрпақ тəрбиесінде, тəрбиелік мазмұны бай, қамти- тын көлемі жан-жақтылы, кең болуына баса назар аударып, өмірдің жақсы-жаман тұстарын жүйелі ұғындырып, өмірдің аумалы-төкпелі
болатынын, басқа бақ қонып, атақ-даңққа бөленгенде асып-таспай, қиындық көргенде саспай, үнемі кішіпейіл, халықшыл болу қажеттілі- гін ерекше ескертіп, əрбір адам баласы өз тіршілігінде мынадай алты байлықтың қадірін білу керектігін тəптіштей түсіндіріп отырған.
1. Жастықтың қадірін білу
Ж астық шақтың екі айналмас алтын дəуір, өнер-ғылым үйрене- тін, əрқандай қиындықты бұйым құрлы көрмей, аңсаған арманға же- тіп, бақыт-байлық жарататын, арындаған, жалындаған кез екендігін
шынайы ұғынып жəне оны ғанибет біліп, жастық шақты мəнді, мағы- налы өткізуге күш салу керек. Яғни, «жас болсаң – білім жиып бой- лап өс, қартайсаң – қасиетті ойға көш» деген даналықты есте берік сақтап, «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дəулет бер» дейтін ха-
лық даналығының мəніне терең үңіліп, жас дəуренді қадірлеп, аялап, оны бос ойын-күлкімен өткізбей, бойда күш-қайрат бар кезде өнер- ғылым, үлгі-тағылым үйреніп, қартайғанда адал еңбегі мен ащы тері- нің игілігін көру, халыққа, Отанға, туған жерге бақыт-байлық жарату, яғни, жас дəуренді ойын-күлкімен өткізіп жіберіп, бойдан қуат, бастан ақыл кемігенде «қап!» деп өкініп қалудан сақтану. Жастықты – тең- дессіз бақыт-байлық деп білу.
Бұл тəрбиенің де өзіндік маңызы бар. Ол ұрпақтарды жастық шақ- ты қадірлеп мəн-мағыналы өткізуге, жастайынан өнер-білім үйреніп, халқына, Отанына адал қызмет етуге, мəдениетті, өнегелі болуға же- телейді.
2. Денсаулықтың қадірін білу
Қ азақ халқы «бірінші байлық – денсаулық» деп денсаулықты бəрінен жоғары қояды əрі үнемі «денімді сау, басымды аман қыл» деген игі тілекте болып, түрлі əдіс-шараларды қолдана отырып, ден-
саулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дəріптейді. «Ауру – астан» деген аталы сөзді есте берік сақтап, тазалық пен ішіп-жемге ерекше көңіл бөлуді; денсаулыққа зиянды нəрселермен, лас, бұзылған азық-түлік пен сусындықты пайдаланбау, шектен тыс тойып тамақ ішпеу, уағын- да, қалыпты тамақтануға əдеттену; түрлі жұқпалы аурулар мен дене мүшелерін зақымдайтын жаман əдеттерден аулақ болып, денсаулық- ты сақтауды үйретеді.
Бұл тəрбие ұрпақтарды дені сау болып есейіп-ержетуге жетелейді.
3. Өмірдің қадірін білу
Ә рбір адам, өмірге ой көзімен, биік адамдық ақыл-парасатпен қарау, жарық күнді қадірлеп, жақсы өмір сүруге дағдылану, өнер-бі- лім, үлгі-тағылым үйреніп, өмірдің мəн-мағынасын арттыру; əр күн,
əр сағаттың қадір-қасиеті мен қымбатын жете түсініп, арайлап атқан таңды ғанибет білу; «ақыры өтетін өмір ғой» деп ойына келгенді іс- теп, айналаңа лаң салып, адамдық өмірдің қасиеті мен мəн-мағынасын
жоғалтып алудан сақтану керек.
Бұл тəрбие ұрпақтарды өмірді мəнді, мағыналы өткізуге, өнер-ғы- лымды меңгеріп, үлгі-өнегелі болып, өтіп жатқан уақыттың қадір-қа- сиеттерін арттыруға баулиды. Жаман əдет, жағымсыз іс-қылықтардан аулақ болуға жетелейді.
4. Халықтың қадірін білу
Х алық – күллі бақыт-байлықтың қайнары, өнер-ғылымның қам- басы, дүниенің қожасы екенін шынайы түсіну тиіс. Халықсыз қара жер де құлазитындығын ұғыну; əрдайым: «халқымнан айырма, хал-
қымды қор қылма» деген игі тілекте болу; шен-шекпен, атақ-даңққа бөленіп, қолда қуат, бойда жігер, баста ақыл толық кезде халыққа кө- бірек қызмет істеу; халықтың ұлылығын, күштілігін, қаһарлылығын ұмытпау; қадір-қасиетін ардақтап, қуанышына қуанып, қайғы-қасі- ретіне ортақтаса білу; əр кез өзін халықтан жоғары қоймау; ханның ісі – қараға, шалдың ісі – балаға түсетін күндер туатынын ешқашан естен шығармау; қашанда халықпен бірге болып, олармен тағдырлас, тыныстас болу; халықты қараламау, көпке топырақ шашбау керектігін білу тиіс.
Бұл тəрбие ұрпақтарды халықшыл, көпшіл болуға жетелеп, сана- сын жоғарылатады. Кішіпейіл болуға дағдыландырып, менмендіктен, тəкаппарлықтан аулақ болуға баулиды.
5. Туыс-туған, дос-жаранның қадірін білу
Е сейген əрбір адам баласы туыс-туған, дос-жаранның – өзі үшін шексіз байлық, өлшеусіз рухани тірек екендігін жете ұғынып, «туыс- туған, дос-жараның – байлығың, сейілтетін қара бұлтын қайғының»
дегендейін, «туыс-туған, дос-жарандарымнан ерте айырма» деген ха- лық даналықтарын есте берік сақтай отырып, қамшының сабындай келте ғұмырда барша адам баласының бір-біріне қонақ екендігін жете ұғынып, əр жолғы дидарласу мен аман-сəлем жасасудың өзін бір ға- нибет біліп, бір-бірін қадірлеп, құрметтеп, сыйлап, қолдан келген кө-
мегін жасап отыру керек; аз күндік өмірде өзара аңдысып, дауласып- жауласып жүріп, бір-бірінен айырылып қалған күні: «əттеген-ай!» деп өкініп қалудан сақтану; басыңа бақ қонып, дəулетің мол кезде жат жандардың да маңайыңа құмырысқаша қаптап, басыңа іс түскенде тек туыс-туған, дос-жарандардың ғана қабырғасы қайысатынын ұмытпау; дос-жаран, туыс-туғаннан қол үзіп қалудан аулақ болу керек.
Бұл тəрбие ұрпақтарды бауырмалдыққа, береке-бірлікке, татулық- қа жетелеп, адамдарды, тасбауырлықтан, рақымсыздықтан, қатігез- діктен арылтып, адамдық сүйіс пеншілікті арттырады.
6. Қолда бардың қадірін білу
Қ асыңдағы, ауыл-аймағыңдағы үлгі-тағылым, өнер-білімде өзіңнен мойны озық адамдарды қадірлей біл. Оларға құрметпен қара. Білімді адамдар мен ұлы адамдардың өте елеусіз, қарапайым болаты-
нын ұмытпа. Ешқашан да оларды: «кеше менімен бірге жүрген, бірге тұрған, атақ-абыройы мен мал-дүниесі маған жетпейтін» деп олар- дың даналығын, тапқырлығын, игілігін көргенде көрмеске салма, қызғаншақтыққа, күншілдікке бой алдырма. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай!» деп өкініп қалу- дан сақтан.
«Барында пара-пара, жоғында жүзі қара» дегеннің аяғын құшпа. Қолыңда бір жармақ болса да шүкірлік қыл. Соның өзін шексіз бай- лыққа балап үнемдеп, қадірлеп істетсең, соның өзі нысапсыз бен то- йымсыздың шексіз байлығынан мəнді болады. Қолда мал-дүние бол- са, «болған-толған деген осы» деп албаты шашып, орынсыз жұмсап ысырап қылма. Мал-дүниені үнемдеп жұмса. «Үнемшілдік – байлық- тың жартысы» деген даналықты есте берік сақта.
«Қолда бардың қадірін білу» дегендік ұрпақтарды өнер-ғылымды қадірлеуге; өнерлі, білімді адамдарды құрметтеуге; ұқыпты, үнем- шіл болуға; мал-дүниені өнер-ғылым жолына жұмсауға жетелейді. Жағымпаздықтан, мал-дүниеге бой ұрып, байлар мен шен-шекпенді- лерге табынушылықтан тыйып, биік өнер жолын қууға, қолда барды
қадірлеуге, кішіпейіл, əдепті, ибалы болуға, нысапты, тойымды болу- ға баулиды.