23.11.2021
  163


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Жол жомарттығы

Ақыл-есі дұрыс барша адам баласы жүрген-тұрған жерлерінде елге жақсы қылық, жарасымды мінез, жылы шырай көрсетіп, үлгі-та- ғылым таратып, əрқандай сəттерде алдымен өзгелерге жол беру, өлер-


мен болмау, басқаларға жақсы əсер, үздік өнеге көрсету, сондай-ақ, жолда жатқан бір кесек тас болса да ерінбей алып тастап, басқа адам- дардың жəбір-жапа көрмеуіне мүмкіндік, қолайылық тудырып жүру- дің барлығын қазақ халқы жол жомарттығы деп атайды əрі жол жомарттығының барша адам баласының адамгершілігін, азаматтығын, адалдығы мен ізгілігін сынайтын жауапкершілігі күшті қасиетті ұғым екендігін жанды мысалдар арқылы ұрпақтарының құлағына құйып, көкейлеріне ұялатуға ерекше күш салады. Мысалы, жолда келе жатқан мысық, ит, тышқан, құс жəне басқа жан-жануарлар мен жəндіктердің өлексесін көрген; сондай-ақ, адам сүрініп жығылатындай тас, томар, табанға кіретіндей тікен, көзге тиетіндей ағаш сияқты заттарды байқа- ған адам, оларды міндетті түрде көміп тастау, алып тастау қажет. Егер оларды көре тұрып көмбегендігі жəне алып тастамағандығы себепті, ел-жұртқа ауру-сырқау тарап, адам өлсе немесе біреудің аяғы сынып, көзі шықса, сол зиянды нəрселерді көміп тастамаған, алып тастамаған адам – кісі өлтірген, пəле-қаза таратқан қандықол; аяқ сындырып, көз шығарған бұзық адам есептелетіндігі жөнінде егжей-тегжейлі түсінді- ріп, перзенттерін ізгі ниетті жақсы адам болуға баулиды.





Пікір жазу