Туындылар ✍️
Көңіл жомарттығы
К өңілді кең ұстау, барға қанағат ету, шүкірлік қылу, қызған- шақтық пен озбырлықтан, орынсыз бəсеке мен өлермендіктен аулақ
болып, барлық адамды тағдырлас, тыныстас жақыным деп қарап, алыс-беріс, барыс-келіс істерінде кеңпейіл, кешірімді болу, басқалар- ға үнемі жақсылық, қуаныш, бақыт-байлық қонса екен деп ойлау; бас- қаларға жол беру, қол беру сияқты ізгі қасиеттер «көңіл жомарттығы» есептеледі. Бұл тəрбиеде өнегелі кісілер перзенттеріне: «кең болсаң – кем болмайсың», «ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» деп көңілі жомарт адамдардың ешқашан жамандық көрмейтіндігін, тіпті, басы артық əуре-сарсаңға жолығып басы қатып, жаны ауырмайтындығын жанды мысал, жарқын образдар арқылы мұқият түсіндіріп, ұрпақта- рының ашық-жарқын, жомарт азамат болып жетілулеріне жан-жақты- лы көңіл бөлген.
Пейілі кең, жомарт адамның көңіл күйі орнықты болады. Досы көп, қасы аз болады.