Туындылар ✍️
Сөз жомарттығы
Сөз жомарттығын қалыптастыруда қазақ халқы адам баласының аузынан үнемі жақсы сөз, жарасымды əзіл шығуы, айтқан сөз, түрлі əзіл-қалжыңдардан адамгершіліктің, ізгіліктің, адалдықтың, кеңпе-
йілділік пен кешірімділіктің лебі есіп тұруы керек деп қарап, əрқа- шан жақсы сөз бен жарасымды қалжыңға жомарт болуды дəріптейді. Яғни «жақсы сөз – жарым ырыс», «кесірлі сөз – кісі өлтіреді», «жақсы сөз сөйлеген ауыздан гүл төгіледі, жаман сөз сөйлеген ауыздан жын төгіледі» деген халық даналықтарына сай, ұрпақтарына үнемі жақсы сөз сөйлеуді, ойнап айтса да, ойлап айтуды, қашанда: «сіз, біз, рақ- мет, өркенің өссін, жасың ұзақ болсын, жаныңа жамандық жуымасын, бет алдыңнан жарылқасын» деген сияқты басқалардың қуанышы мен бақыт-байлығына ризашылығын білдіретін мəдениетті, əдепті, жақсы сөздерге барынша жомарт болуды үйретіп отырады.
Сөз жомарттығы – адамдардың қоғамдық өрісін кеңейтеді, досын көбейтіп, дұшпанын азайтады. Түрлі келеңсіздіктер мен кедергілерге көп жолықтырмайды. Ойлау жəне тіл қабілеті жоғарылайды.