Туындылар ✍️
ЖОМАРТТЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕУ
Халқымыздың дəстүр тəрбиесі ел ішіндегі білікті адамдар мен билер, мектеп-медреселер арқылы жүргізілген жəне олар үлгі-өнеге болып, салт-дəстүрдің мазмұнын байытып, халықтық сипатын арттыр-
ған. Алайда, отбасы тəрбиесі басты орында тұрған яғни халықтық салт- дəстүр тəрбиесінде əрбір ата-ана ертелі-кеш ұрпақтарына жомарттық, кешірімділік, обал-сауап, ар-ұят, адал-арам, əділет-шапағат, ізгілік пен жауыздық, жақсылық пен жамандық, бұзақылық пен жанашыр- лық сияқты істердің бəр-бəрін егжей-тегжейлі ұғындырып, көпшіл, халықшыл болуға, салт-дəстүр мен наным-сенімге түсінікпен қарау- ға жəне оны құрметтеуге; ел намысы мен Отан даңқына дақ салатын жаман істерден аулақ болуға; «малым – жанымның садағасы» дей- тін үлкен кісілік қасиет қалыптастыруға жетелеп, өмір бойы ізгілік, ізеттілік, тектілік, тəрбиелілік, ұлылық, даналық танытып, ұсақшыл, бықсықтық, пендешілік сияқты нашар қылықтардан аулақ болуға тəр- биелеген. Сондай-ақ, əрбір ұрпақтың, тіпті күллі адам баласының бо- йында төмендегідей бірнеше жомарттық қасиет сөзсіз, болу керек деп қараған.