23.11.2021
  103


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Ілдірмек

Әдетте, балаларға ілдірмек өнерін бала атқа емін-еркін мініп, ат тізгінін ұстап, ат үстінде отырудың қыры мен сырын толық игерген соң үйретеді. Алдымен 3–4 шыбықтың басына көзге айқын көрінетін-


дей шүберек байлап, оны түзең жерге апарып, арасы 20–30 метрдей етіп шаншып, балаларға ат үстінде кетіп бара жатып еңкейіп барып ілуді үйретеді. Оны үйреніп болған соң, шаншыған шыбық санын кө- бейтеді əрі оны желіп бара жатып ілуді үйретеді. Ең соңында оны ша- уып бара жатып ілуге дағдыландырады. Бала бұл өнерді əбден мең- геріп болған соң, машық талабын ауырлатып, жерге көмген мысқал, теңгелерді ілдіруге жаттықтырады əрі оны оң жақ, сол жақтан бірдей ілуге баулиды.


Ілдірмек өнері балалардың атқа міну жəне ат өнеріне қабілетін арт- тырып, оларды ерлікке, ептілікке үйретеді. Ұрпақтар қайсар, қағілез болып есейеді.





Пікір жазу