Туындылар ✍️

Тартыспақ
« Т артыспақ» өнерінде ат үсті қимылы – негізгі, жаяу қимы- лы қосымша қолданылады. Бұл ойынды балалар алғаш тай-құнанға мінгенде бастайды. Балалардың атқа отыру, желу, шапқылау, жары-
су барысында ат тізгінін қалай ұстау, аттың қимыл-қылықтарымен (қыр-сірімен) қалай сəйкесу керектігі егжей-тегжейлі үйретіліп бол- ған соң, ұлы жиын-тойларда бəйгеге, жорғаға міндіріп, балалардың ерік-жігерін шыңдайды.
Жоғарыдағы сынақтардан өтіп болған соң, жекпе-жек ат үстінде бір-бірінің қолын ұстап тартып күш-қайраттарын байқастырады. Одан кейін көкпар, тері, арқан, т.б. заттарды тартқызып, ат үсті өнері мен түрлі айла-тəсілдерін бекемдей түседі. Аттан түскен соң арқан тарт- қызып, қол қайырыстырып, жаяу көкпарға салып, балалардың табан- дылығын арттырып, ат үсті жəне жерде өз өнерлері мен күш-қайратын жетілдіреді.
Бұл өнер балалардың қарсылық қуаты мен төзімділігін арттыра- ды. Оларды батылдыққа, батырлыққа дағдыландырып, ұрпақтардың бəсекелік қуатын жоғарылатады.