23.11.2021
  106


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Өрмелемек

Өрмелемек – балаларда түрлі қауіп-қатерден құтылу, жыртқыш аң-құстардың шабуылы мен тасқын, көшкін сияқты кездейсоқ апат- тардан құтылудың жолдарының бірі.


Бұл өнер балаларға жастайынан бастап үйретіледі. Ең алдымен ба- лаларға жүректі болу, қорықпау, қайсар, батыл болу тəрбиесі беріліп, онан соң, əртүрлі ағаштарға шығудың, жалама жартастарға өрмелеу- дің, түсудің, сырғудың, жармасудың айла-тəсілдері бір-бірлеп үйреті- леді.


Өрмелемек балалардың түрлі қауіп-қатерлерді жеңу қабілеттерін арттырып, ерік-жігерлерін шыңдайды. Балаларды батырлыққа, батылдыққа жетелейді. Қиын жағдайларға тап болғанда қолма-қол шешім жасау қабілетін жоғарылатады.


 





Пікір жазу