Туындылар ✍️
СҮНДЕТ ТОЙ
Сүндет той, əдетте ер балаларға 5 не 7 жас аралығында жасалады. Онда, сүндет тойын жасайтын баланы арнаулы бір атқа мінгізіп,
үстіне оқалы шапан, басына қалпақ, тақия, иығына үкі тағып, беліне бір шаршы ақ кездеме байлап, атына екі басы шашуға толған қоржын салдырып, бір ересек адам оны туыс-туған, дос-жаран, ел-жұртын
аралатып жүріп тойға шақырады. Бала əр ауылға барғанда, оны ауыл адамдары шашу шашып қарсы алады жəне оның беліндегі ақ кездеме белдігіне кəде байлап, қоржынындағы шашудан қалағанынша алып, орнына тағы шашу салып қояды. Ал, жақын туыс-туғандары мен наға- шылары «азамат болды» деп қуанысып, тай, құнан, ат, қой-қозы атап, шапан кидіріп қайтарады…
Сүндет тойда қыз қуар, көкпар, айтыс, балуан, құнан шабыс сияқты көңіл ашу жəне спорт ойындары өткізіледі.
Қалыптасқан салт жəне қазақ əдеп өлшемі бойынша, сүндет той мен оның ойын-тамашаларына қыздар мүлде бармайды. «Сүндет той- ға сүйкімсіз қыз барады» деп қыздардың сүндет тойға баруын – тəр- биесіздік, көргенсіздік, тексіздік санап, «сүндет тойға барған қызға сүйек таста» деп, ондайды жек көреді.