Туындылар ✍️
БАЛАНЫ АҚЫЛДЫҚ ТАНЫМҒА ЖЕТЕЛЕУ
Бұл – тəрбие қазақ тəлімгерлігіндегі мазмұны терең, иландырар- лық қуаты күшті тəрбиелердің бірі əрі бірегейі. Себебі, қазақ халқы баланың айтқанды қағып алатын ұғымтал да зерек кезі 7–15 жас ара-
лығы, жан-жануар, табиғат заңдылықтарын түсінетін, игеретін кезі дəл осы тұс деп қарап, соған сəйкес тəрбие мазмұнын тереңдетіп, ба- лаларды сезімдік танымнан ақылдық танымға қарай жетелейді. Мұнда заттардың, құбылыстардың мəнін түсініп, сырын ұғуға бастайтын тіл- ге жеңіл, жүрекке жылы, мазмұны терең диалогтар пайдаланылады. Мысалы:
- Ең құнды не, ұлым?
- Ол – ғаламат ғылым!
- Тозбайтын не, күнім?
- Ол – өнер мен білім!
- Парыз ба, шұлық тоқу?
- Парыз – адамға оқу!
- Не қымбат дейді атаң?
- Ол – туған жер, Отан!
- Бөлейтін не сыйға?
- Ол – əдеп пен иба!
- Бақыт қалай келмек?
- Оны əкелер – еңбек!
- Жаңбыр неге себелер?
- Онымен жер көгерер!
- Күн болмаса, хош, енді?..
- Бүкіл тірлік өшеді!
- Болмаса егер жер-жаһан,
- Мен де мүлде болмас ем! –
деген сияқты елдің, оқу-білім, ғылым-өнердің, еңбектің қасиетін тү- сіндіретін, күн, жер, жаңбырдың тіршілік қайнары екендігін ұғынды- ратын сөздерді жаттатып, Отан, туған жер, əдеп-иба деген сияқты қа- сиетті ұғымдарды көкейлеріне ұялатады.
Одан соң, балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тапқырлық қабілет- тері мен қолма-қол кесім жасау өрелерін жоғарылататын ауызша жұм- бақ есептер пайданылады. Мысалы, асық ойнап жатқан үш бала жолда келе жатады. Олардың біреуі жанындағы екі серігіне:
- Үшеуімізде оннан асық бар еді. Енді əрқайсымызда қаншадан асық қалды? – деп сұрайды. Оған:
- Мен онша көп ұттыра қойған жоқпын, – дейді екінші бала. Сонда үшінші бала:
- Мен сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама салсам, екі қал- тамдағы асықтардың саны өзара тең болады. Ал, оң қалтамдағы асық- тың біреуін сол қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асық сол қалтам- дағы асықтан үш есе көп болады, – дейді.
Оған алғашқы бала күліп:
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен бірдей екен, – дейді.
- Дұрыс айтасыңдар. Бүгін ең көп ұтылған мен болдым, – дейді екінші бала шынына көшіп.
- Ал, енді ойлап көр. Қайсы балада қанша асық бар? – деп баланың ата-аналары балаларына сұрақ қояды. Бала бұл есепті дұрыс шығарып кетсе, сыйлық береді əрі баланы мақтап-марапаттап, оны шабыттан- дырады.
Баланы ақылдық танымға өткізу тəрбиесі ұрпақтарды өнер-ғы- лымды ардақтап, оқу оқып, білім алуды қастерлеу, Отанды, еңбекті сүюдей тамаша мінез-құлық қалыптастыруға дағдыландырады. Таби- ғатты, экологиялық ортаны қорғауға, аялауға баулиды. Зейін-зердесін ашып, тез есептеу қабілетін жоғарылатады.