Туындылар ✍️
ТҰЛЫМ-ШАШ АЛУ
Балалы-шағалы, өбере-шөберелі болып, артына жақсы ұрпақ қал- дыруды адамдық парыз, азаматтық міндет деп білген халқымыз, көп перзентті болуды ерекше қуаныш санап, еркелеткен қыздарына «тұ-
лым», ұлдарына «айдар» қойған. Олар беске келгенде жақын-жуық- ты шақырып «тұлым-шаш (айдар) алу» жоралғысын жасап отырған. Онда: тұлымын немесе айдарын алатын баланың шашын төрде отыр- ған ақсақалдан бастап келген жұрт аз-аздан қырқып шығады. Сондай- ақ, балаға өз шама-шарқыларына қарай сыйлық атап (беріп) «отба- сыңнан айдарлы ұл, тұлымды қыз үзілмесін» деп ықылас-баталарын айтады. Соңында шала қырқылған айдар немесе тұлымды инабатты кісілердің біріне ұстарамен алдыртып тастайды да, дастарқан басында бас қосып, көңіл көтереді.
«Тұлым-шаш алудың» да өзіндік мəн-мағынасы бар. Ол адамдар- дың ұрпаққа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта өнегелі жан- ұя болуларына бастама береді.