23.11.2021
  157


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ТАНАБАУ ТАҒУ

Ұл бала алғаш рет əкесіне, қыз бала шешесіне ілесіп, түрлі жұ- мыстарына қолғабыс тигізіп жүргенін бірінші рет көргенде туыс-ту- ған, дос-жаран, көрші-қолаңдары:«Балаларың жігіт болыпты, бойже-


тіпті, қажетке жарапты», – деп жабыла құттықтап, балаға түйме-тана, білезік, сөлкебай тағып жібереді. Кейде оны көптің атынан біреу ба- рып тағып қайтады. Міне, бұл «танабау тағу» деп аталады.


Салт бойынша, баласына «танабау» тағылған ата-ана бұл жағдай- ды міндетті түрде атап өтеді.


Танабау шайына барған кісілер баланың ата-анасына «балаңның танабауы» деп əртүрлі бағалы тартулар мен қой-қозы, тай-тайынша беріп, игі тілектерін айтады.


Бұл дəстүр адамдар арасындағы достық сүйіспеншілік пен береке- бірлікті нығайтып, адамдарды күйініш-сүйініште бірге болуға шақы- рады.





Пікір жазу