23.11.2021
  148


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ТІЛ ҰСТАРТУ

Қазақ халқының балалардың тілін жетілдіруі, тіл ұстартуы – баға жетпес үлкен ғылым.


Ұрпақ тəрбиесіне баса мəн беретін ата-бабаларымыз балаларға ыр- ғақты, нақышты, тақпақ жыр үлгісінде келетін, сондай-ақ, əлемнің көрнеу жəне көмескі сырларын ашуға жетелейтін қызықты, мазмұн- ды, шешімі адамға ой саларлық, зейін-зердені ашуға төтенше тиімді жұмбақ, жаңылтпаштар үйретіп, балалардың мүлтіксіз дұрыс сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге ерекше күш салған. Мысалы,


 


 


– Он екі түйе, он жылқы,


Тоғыз сиыр, бес ешкі.


Екі қоян, үш түлкі,


Таба алмасаң бол күлкі.


Қара сиырым – қарап тұр,


Қызыл сиырым – жалап тұр.


Əй, Тайқарбай!


Қойыңды ақша қарға жай,


Тайқарбай! Қыр құлдилар,


Қыр құлдилар.


Қырғи қуған бөдене


Сай құлдилар! –


 


деген сияқты айтылуы қиын, бірақ сөз-сөйлемдері тілдің ішкі үйле- сіміне сай бірыңғай ұяң немесе бірыңғай қатаң дыбыстармен келетін тұлғалас сөйлемдер тіркестіре айтылатын жұмбақ-жаңылтпаштарды қайта-қайта айтқызу, шештіру арқылы бала тілін ұстартады (жетілді- реді). Мысалы,


 


– Алтын табақ болмаса,


Көре аласың қай гүлді?


Күміс табақ болмаса,


Біле алмайсың ай, жылды, –


 


деген сияқты балалардың ойлау қуатын арттырып, көз аясын кеңей- тіп, зейін-зердесін ашып, таным-түсінігін тереңдететін жұмбақ сөздер арқылы балаларды тапқырлыққа, ізденгіштікке жетелейді. Тілдік қо- рын молайтып, сөйлеу қабілетін жоғарылатады.





Пікір жазу