23.11.2021
  142


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ЕРТЕГІ ҮЙРЕТУ

Бала айтқанды толық ұға бастағанда ата-анасы мен əжелері əңгі- ме, ертегілер айтып беріп, олардың сөйлеу, əңгіме айту қабілетін же- тілдіруге жұмыстанады.


Қазақ халқының ертегі үйрету, ертегі айтуының өзіндік дəстүрі бар. Əсіресе, ертегі, əңгіме айтқанда балаларды өздеріне еліктіріп бау- рап алу үшін:


 


– Ерте, ерте, ерте заманда, Ешкі жүні бөрте заманда, Қырғауыл жүні қызыл заманда, Балақ жүні ұзын заманда, –


 


деп бастап айтатын ертегіні ары қарай жалғастыра береді. Мысалы: Алла Тағала жер жүзіндегі адам, жан-жануарларға:



  • Ертең ерте барлығың менің алдыма түгел келіңдер. Мен сендер- ге дүниенің сыры, əлемнің құпиясын ашатын, сондай-ақ, бір-біріңмен сөйлесіп, ойларыңды ортаға салатын «тіл» деген ғаламатты беремін, – деп жар салыпты. Сонда адам Алла Тағаланың алдына бəрінен бұрын барып «тіл өнерін» жеке еншілепті…


Адамнан кейін екінші болып барған есекке «а» деген дауыс тиіп, ол үнемі «а, а, а» деп аңырап жүретін болыпты. Үшінші болып бар- ған түйеге «бө» деген дауыс тиіп, ол ылғи «бө, бө, бө» деп боздап жүретін болыпты. Есек пен түйеден кейін барған қойға «м», қарғаға


«қ», торғайға «ш» дауыстары тигендіктен, олардың біреуі «мə» деп маңыраса; біреуі шырылдап, біреуі қарқылдап жүретін болыпты деп, тіршілік құбылыстарының сырын ұғуды ертегі арқылы ұғындыруға күш салады.


Балаларға ертегі үйретудің де өзіндік тəрбиелік маңызы зор. Ол балалардың ой қорытуын, тілдік қорын молайтуын, қиял əлемін, зат- тар мен құбылыстар жайында түсінігін жəне білімін жетілдіреді. Балаларды адамгершілікке, ізгілікке, əділеттілікке баулиды.





Пікір жазу