23.11.2021
  176


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

КҮЙ ҮЙРЕТУ

Қазақ халқы күй – көңіл көзін ашатын, жан дүниені уайым-қай- ғыдан арылтатын, адамдарды ізгілікке жетелейтін рухани азық деп қарап, ұрпақтарына жастай күй үйретіп, жан дүниесі таза, рухы сер-


гек адам болып есеюіне жан-жақтылы мүмкіндік жасап отырған жəне əнші-күйшілерге ерекше құрметпен қараған. Сондай-ақ, балаларға күй үйретуде еліктіру, қызықтыру тəсілін қолданған. Сондай тəсіл- дердің бірі – «Өртеке».


«Өртеке» былай жасалады: жұқа тақтайдан немесе үлкен ағаш жаңқасынан теке мүсінін ойып алып, оған төрт аяқ салып əрі аяқ- тары еркін қимылдап тұратындай етіп шегемен бекітіп, сауыры мен желкесін тесіп жіңішке ұзын жіп өткізіп, жіпті тұйықтап байлаған соң, «өртекенің» аяғы жерге емін-еркін тиетіндей етіп жіпті домбы- ра шертетін баланың қолына байлап қояды. Сонда қолдың қағысына қарай «өртеке» алуан түрлі секіріп, ойнақ салып, балалардың ішек- сілесін қатырады. Тіпті, үйренгісі келмей қашқалақтаған балалар да бірінен соң бірі домбыраға таласып, күй шертуге ықыласы арта түседі.





Пікір жазу