23.11.2021
  136


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ТІЛАШАР

Қазақ салтында бөбектің тілі былдырлап шыға бастағанда əр от- басы «тілашар» ырымын жасайды.


Дастарқан жайылып, ас келгенде қариялардың бірі қойдың піскен ішегін немесе ақ орамалды баланың мойнына орап тұрып: «Сөйлей- сің бе?» деп үш рет сұрайды. Оған жауап ретінде баланың ата-анасы немесе туыс-туғандарының бірі: «Сөйлеймін!» деп үш рет жауап бе- реді. Онан соң, қариялардың бірі сəбиге: «тілің тез шықсын» деп қой- дың піскен тілін, «шешен бол» деп таңдайын, «көреген бол» деп көзін жегізеді. «Сөз тыңда, айтқанды құлағыңа құйып алатын құйма құлақ бол» деп құлақтан дəм татқызады.


Тілашар ырымы жасалған соң, ата-анасы оны далаға алып шығып,


«тілін сындырады». Онда көгендегі қойды көрсетіп немесе даладағы қой-ешкіні нұсқап:


 



  • Əне, мə-мə! Пүшəйт-пұшайт! Шөре-шөре!


Құлын-тайды көрсетіп:



  • Əне, құрау-құрау! моһ-моһ!


Күшік пен итті көрсетіп:



  • Əне, əу-əу! ка-ка!


Суды көрсетіп:



  • Міне, үп-үп! –


 


деген сияқты одағай, еліктеуіш сөздерді, онан соң, тілге жеңіл, жат- тауға оңай сөздерді үйретуге кіріседі. Бала есейген сайын оған үйреті- лер сөздер де күрделілене бастайды. Мысалы, сиыр мөңірейді, мысық мияулайды, ит үреді, жылқы кісінейді, қой маңырайды, түйе боздай- ды, күн күркірейді, қасқыр ұлиды, қаз қаңқылдайды деп, жануарлар мен заттардың дыбыс шығару қасиеттерін ұғындырады.


Сəбиге жоғарыдағыларды бір-бірлеп ұғындырып болған соң, жат- тауға жеңіл, ойға орамды өлең-жыр үлгісін үйретуге кіріседі. Мұнда, балаларға таныс əрі баурау қуатына ие төрт түлік малды шақыру ода- ғайлары пайдаланылады, яғни «шөре-шөре», «құрау-құрау», «ауқау- ауқау», «көс-көс» дегендерді мынадай өлең жолдары арқылы жатқа алдырады:


 



  • Қой баласы қоңырым, Ұя бұзбас момыным.


Шопан ата түлігі, Қошақаным, қайдасың?! Пүшəйт! Пүшəйт! Пүшəйт! Екі көзі – танадай,


Екі өркеші – баладай. Тайраңдаған ойнақтап, Ойсыл қара баласы.


Ботақаным, қайдасың?!


 


Көс! Көс! Көс!


Тілмен мұрнын жалаған, Тілмен жүнін тараған. Зеңгі баба өсірген, Əукешім, менің, қайдасың?! Ауқау! Ауқау! Ауқау!


Мінсем жүйрік көлігім, Жалғыз жүрсем – серігім. Қамбар ата өсірген, Құлыншағым, қайдасың?! Құрау! Құрау! Құрау!


Ұстай алсам бақырған, Ұлы атасын шақырған. Тасқа құмар жануар, Шөре тайым, қайдасың?! Шөре! Шөре! Шөре!..


 


Міне, осындай жыр жолдарын жаттатып болған соң, ата-анасы баласына əрбір заттың атын атап, түсін түстеуді үйретеді. Балаға бес саусағын көрсетіп, «Қуырмаш» ойынынан бастайды.


Мұнда балаға алдымен өз алақанын жаздырып: «бас бармақ, сұқ саусақ (сұқ қол), ортаңғы саусақ (ортанқол), аты жоқ саусақ, шына- шақ» деп жалпы бір рет таныстырып, онан соң бір-бірлеп мынадай тəсілмен жатқа айттырады: «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек» деп бес саусақты бір-бірлеп бүктіріп, онан соң, бүгілген саусақтарды шынашақтан бастап: «Сен тұр, қойыңа бар! Сен тұр, түйеңе бар! Сен тұр, жылқыңа бар! Сен тұр, сиырыңа бар! Ал, сен əлі жас екенсің, үйде отырып қазанның қаспағын жала!» – деп баланың ашылған алақанының ортасын сұқ саусақпен тары қуыр- ғандай айналдырып:


 


– Қуыр-қуыр, қуырмаш, Қуырса да таусылмас. Шөжелерге бидай шаш,


 


Əжең келсе есік аш, Аю келсе мықтап бас,


Қасқыр келсе қатты бас! –


 


деп алақанын жұмдырып қойып, баланың білегін төменнен-жоғары қолтығына қарай аттата, аттата шұқып:


 


Мына жерде – май бар, Мына жерде – шай бар. Мына жерде – нан бар, Мына жерде – бал бар. Мына жерде – мысық бар. Мына жерде – күшік бар. Мына жерде – жылқы бар. Мына жерде – түлкі бар. Мына жерде – күлкі бар, –


 


деп қолтығының астын «қытық, қытық, қытық» деп қытықтап күлді- ріп, «қуырмаш» мəтінін тез жаттап алуға қызықтырады. Тілашар сал- тын өткізудің де өзіндік ғылыми мəн-мағынасы бар.


 





Пікір жазу