БАҚ-ДƏУЛЕТ, АТАҚ-ДАҢҚ ТƏРБИЕСІ
Қазақ халқы ұрпақтарына: «басыңа бақ қонса – тасыма, іс түссе – жасыма; байлық – мұрат, шен – бақыт емес; байлық – қолдың, мансаптың, беттің кірі; шенді болу, бай болу – парыз емес, адам болу –
парыз. Атақ қуған адам абыройдан жұрдай болады» деп ұрпақтарын бақ-дəулетті, атақ-даңқты болуға емес, нағыз адам болуға баулып; бақ- дəулет, атақ-даңқ қуған адамның адамдық қасиетін жойып, ізгіліктен жұрдай болатындығын; қандай бай, қандай атақты болса да, «ердіңері – егеудің сынығы», қоғамның жай бір мүшесі болатындығын, сон- дықтан қандай атақ-даңққа қол жеткізсе де тасымау, кішіпейіл болу керектігін ұғындырып отырған.
Бұл тəрбиеде əрбір отбасы ұрпақтарына «бақ-дəулет, атақ-даңқ қума, өнер мен білім қу. Атақ-даңқ, бақ-дəулет – көлеңке, өнер-білім – өмірлік серік» деп ұрпақтарын өнерлі, білімді болуға баулыған. Сон- дай-ақ, адам баласын бай-кедей, хан-қара деп алаламай, барлық адам- ға тең қарауды; басына бақ қонып дəулетті, атақ-даңқты бола қалса, кішіпейіл, кешірімді болып, шен-шекпенге буланып асып-тасымауды ерекше ескертеді əрі бір адамның басында бақыт-байлық пен қиын- дық мəңгі тұрмайтындығын, сондықтан барлық іске ой көзімен қарау керектігін; бұл өмірде адамнан адамның артықшылығы – байлық, ман- сап, атақ-даңқта емес, адамгершілік пен білімде, өнер мен ғылымда екендігін терең ұғындырып, «мансап қуған адам – өнер-білімнен жұр- дай болады, білім қуған адам – өнер-білімге толады» деп көрсеткен.
Бұл тəрбие ұрпақтарды ізгілікке, адамгершілікке жетелейді, мол өнер-білім үйренуге, өмірге ой көзімен қарап, ғылыми тұжырым жа- сауға баулиды.