23.11.2021
  138


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ҮЛГІ-ТАҒЫЛЫМ ТАРАТУ

Қазақ халқы ұрпақтары мен ел-жұртына, тіпті өзі жүрген, тұр- ған жердегі жалпы халыққа өнер-білім үйретіп, үлгі-тағылым таратып жүруді өздерінің адамдық парызы, азаматтық борышы санаған. Əр-


бір азамат шамасы келсе бала оқытып, шəкірт тəрбиелеуді өте игілікті іс санаған. Алған білімі мен үйренген білімін елге үйретпеген, мол білімі мен өнері бола тұра оны қағазға түсіріп ел игілігіне жаратпаған адамды «пайдасыз адам» деп, ондай жандарды айран құйған күбіге ұқсатқан.


«Жақсының жүрген жері – өнер-білім, үлгі-тағылым» деп əрбір азамат сапарға шықса, жолаушы жүрсе, ел-жұртын араласа жуынып- шайынып, сəнді киініп, ат əбзелдерін түзеп, жүрген, тұрған жерлерінде өз бастарынан үлгі-өнеге көрсеткен. Тіпті, өз бастарында елден ерек өнер-білімі болмаса, қасына өнер-білімді, үлгі-тағылымды кісілерді жолдас етіп, өзі барған ел-жұртқа тамаша əсер қалдырған.


Бұл салт адамдарды өнер-білімді құрметтеуге, сəнді, таза киінуге, ізгі жанды, мұратты, мəдениетті болуға жетелейді. Ұрпақтарды өнер сүйгіштікке баулиды.





Пікір жазу