Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
182
ҰРПАҚТАРДЫҢ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ
Ұрпақтардың қарыз-парыздары:
- Ата-ананы мəңгі құрметтеп, сыйлау. Қандайда жұмысына əзір тұру.
- Ата-анаға опалы болу. Айтқанын екі етпей орындау. Тапсырған жұмысынан бас тартпау.
- Оқу, өнер-білім игеру, ата-анаға күйік емес, қызық болу.
- Адам болу, арлы болу. Ата-ананың алдынан қия өтпеу. Беттері- не шіркеу келтірмеу.
- Ата-анаға ешқашан тіл мен қол тигізбеу. Қазақ ұғымында: ата- анасына тіл жəне қол тигізіп, беттен алып, төске шапқан баланы ең бұзық, ең жаман, тіпті хайуаннан да жиренішті адам есептейді.
- Ата-ана алдында мəңгі сəбидей болу; мəңгі борышты, мəңгі қа- рыздар сезіну.
- Ана тілі мен салт-дəстүрін толық білу. Өзіндік көзқарасы болу. Қазақ ұғымында, ана тілін ұқпаған, салт-дəстүрін білмеген, өзіндік көзқарасы жоқ ұрпақты «мəңгүрт» деп атайды.
- Ата-ананы уайым-қайғыға салмау. Ренжітпеу, орынсыз қылық- тармен қинамау.
- Қажырлы, қарапайым, ұқыпты, үнемшіл, еңбек сүйгіш болу. Əр- қашан ата-анаға қуаныш пен шаттық əкелу.
- Ата-ананы бағып-қағуға мəңгі жауапты болу. Олардың қам- қайғысыз өмір сүруіне шамасының жетісінше мүмкіндік жаратып беру.
- Есейіп-ержеткен соң, бас құрап артына жақсы ұрпақ, жақсы ат, тамаша хат қалдыру.
Міне, бұл əрбір ұрпақтың ата-анасы мен ел-жұрты алдындағы бас тартуға болмайтын адамдық əрі азаматтық қарыз-парыздары есепте- леді.
Бұл салт ұрпақтарға ата алдында өздерін мəңгі шəкірттік жəне мəңгі борыштылық сезімін тудырып, ата-аналарын өлгенше құрмет- тейтін тамаша моральдік қасиет қалыптастырады. Сондай-ақ, жастай өнер-ғылым игеріп, адал еңбек етіп, халыққа мол үлес қосып, артына үлгі-өнегелі ұрпақ қалдырып, Отан мен халыққа деген құрмет сезімін оятады.