22.11.2021
  420


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

АТА-АНАНЫҢ ҰРПАҒЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

Ата-ананың ұрпағы алдындағы қарыз-парыздары:



  1. Өз ұрпағы алдында жан-тəні мен ар-абыройын таза сақтау, жаман қылық көрсетпеу.

  2. Ана тілін толық үйрету. Ұрпақтарына ана тілін үйрете алма- ған ата-ана ұрпағы алдындағы қарыз-парызын толық өтемеген мəң- гілік қарыздар адамға айналады.

  3. Баласының төрт мүшесін сау, ес-ақылын дұрыс етіп есейту (баланы жас кезінде күйдіріп, кем-кетік етіп алған ата-ана ұрпағы- на мəңгі қарыздар болып қалады).

  4. Ұрпақтарына аналық ақ сүтін адал да пəк етіп беру. Бала емізер кезде басына жаулық-салы салып отыру, омырауын жуып, құрғақ, таза дəкемен сүртіп барып емізу. Балаға ауру-сырқау, дерт-дербез жұқтырудан аулақ болу.

  5. Құқық-мүддесін қорғау. Өзгелердің қорлауына, зорлауына ұшы- ратпау. Қам-қайғысыз өмір сүруіне мүмкіндік жаратып беру.

  6. Ұрпақтарының жүрегіне адам баласының теңдігі мен береке- бірлігін, достығын ұялату. Ізгі ниетті, адал, арлы азамат етіп же- тілдіру.

  7. Отбасына адал, əділ болу, уəде-серттен таймау.

  8. Отанын қорғау, отбасы мен ел тыныштығын сақтау. Ұрпақта- рын аздырып-тоздырмау. Отанға, халыққа адал қызмет ету.

  9. Өнер-білім, үлгі-тағылым үйрету.

  10. Уағымен тамақтандырып, киіндіріп, жуындырып, киімі жыр- тылса жамап, өз құрбыларынан кем қылмау.


 



  1. Қажырлы, қарапайым болуға, еңбек сүйгіштікке тəрбиелеу. Адал, арлы, əдеп-ибалы болуға баулу.

  2. Адамдармен қалай қарым-қатынас жасау, қалай сыйласу, қа- лай аман-сəлем жасау, қалай сəлем беруді үйрету.

  3. Туыс-туған, дос-жарандар ара алыс-беріс, барыс-келісті ұғын- дыру.

  4. Ер-əйел, үлкен-кіші, бала-шаға арасындағы жол-жосын, əдеп- иба салтын үйрету.

  5. Үлкен жиын-той, қаралы салттар мен ас-нəзірге қалай бару жол-жосығын ұғындыру.

  6. От жағу, тамақ пісіру, шай құю, төсек салу, үй жинау, қолға су құю, мал қайыру, ат байлау, қонақ күту дағдысын үйрету.

  7. Кісілік, кішілік дағдысын ұғындырып, ар-абыройын таза сақ- тау, əдепті, ибалы болу жолдарын үйрету.

  8. Оқытып, жақсы тəрбие беріп, есейгенде өз сүйгендерімен үй- лендіру.

  9. Ата-ананы құрметтеуді, үлкендерді сыйлап, кішіні аялауды үйрету.

  10. Аналар мен қыз балаларды, ақсақалдар мен өнер-білімді кісілер- ді қадірлеуді ұғындыру.


Баланы бағып-қағып, оқытып өнер-білім игертіп, есейгенде, өзде- рі қалаған адамымен үйлендірген соң, ата-аналар ата-аналық қарыз- парыздарынан арылады да, одан кейінгі жерде ата-ананы бағып-қағу парызы балалардың мойнына түседі.


Бұл дəстүрдің тəрбиелік мəні мен ғылыми мəні өте жоғары. Ол ата- аналардың ұрпақтары алдындағы жауапкерлік сезімі мен борышты- лық сезімдерін арттырып, ұрпақтары дүниеге келгеннен азамат болып үйленгенге дейінгі аралықта ақ сүт, адал еңбектерімен бағып-қағып, оқытып, өнер-білім, үлгі-тағылым үйретіп, жақсы азамат етіп жетіл- діруден бас тартуға болмайтын ұлы борыштары бар екенін шынайы ұғындырып, ата мен ананың ұрпақтарын қай мезгілге дейін бағып-қағу жауапкерлігін көлемі жақтан айқындап, ұрпақтарға алғашқы адымда ата-ананы қартайғанда бағып-қағу жауапкерлік сезімін тудырады.


 





Пікір жазу