22.11.2021
  184


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЙҒАЗЫ

Байғазы – балалардың жаңа киген киім-кешегі мен жаңа жасат- қан ер-тұрманын көргенде, тай-құнанға мінгенде үлкен кісілер бере- тін сыйлық немесе үйлеріне туыс-туған, көрші-қолаң балалары жаңа


киім киіп, жаңа ер-тұрманын көрсетсе:



  • Мə, байғазың! Жасың ұзақ, киімің тозғақ болсын! – деген игі ті- лектерін білдіріп, қыз бала болса киімдерінің алдыңғы өңіріне мар- жан, моншақ, тана, сөлкебай, үкі тақса; ал, ұл балаларға қамшы, жү- ген-ноқта беріп, қой-қозы сыйлайды. Міне, бұл «байғазы» деп аталады. «Байғазы алу» балаларды үлкендерден тұңғыш сыйлық алып, қуанышқа бөлейді.


«Байғазы» балаларды көпшілдікке, қуанышын өзгелермен ортақта- сатын ақ көңіл, ашық-жарқын болуға; жомарттыққа, мəрттікке жете- лейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартып, достыққа, береке-бірлікке тəрбиелеп, туыстық сүйіспеншілігін арттырады.





Пікір жазу