БАУЫРЫНАН ТАБАҚ ЖҮГІРТУ
Туылғанына 5–6 ай болып, талпына бастаған сəбиді тез аяқтан- сын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізеді.
Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайын- далған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:
– Балапандай талпын да,
Аршында, бөпем, аршында!
Желмаядай желгек бол,
Қас тұлпардай сергек бол! –
деген игі тілек білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дəм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ батала- рын береді. Міне, бұл «бауырынан табақ жүгірту» деп аталады.
«Бауырынан табақ жүгіртудің» де өзіндік мəн-мағынасы, ойға ал- ған мақсаты бар. Талпынып тұрған бала бауырын ыстық тамақтың лебі шалғанда, жүйке клеткалары тітіркеніп, бойын тік ұстап, тезірек аяқтануға ұмтылады. «Ас – адамның арқауы» деп, омырау сүтіне қоса нəрлі тағаммен азықтанған бала тез жүріп, буыны тез бекиді.