22.11.2021
  172


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛА АСЫРАП АЛУ

Қазақ халқы: «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп, балалы-шағалы, қызы моншақты, ұлы он шақты болуды өте жақсы көреді. Əне, сондықтан да балалы-шағалы болып, ұрпақ ізін жалғасты- руға тырысады.


Онда түрлі себептермен ұрпақ көре алмағандар «атымды өшірме- йін, түтінімді үзбеймін» деп басқа балалы-шағалы туыс-туғандарынан бала асырап алып, ұрпақтар бойы өз шаңырағының отын сөндірмейді. Кейбір адамдар ұлы болғанымен қызы, қызы болғанымен ұлы жоқ болса, басқа туыс-туғандарынан өз қажеттеріне лайық бала асырап алады. Тіпті кейбір білікті кісілер туыс-туғандар арасындағы береке- бірлікті мəңгі сақтау мақсатында да бір-бірінен бала асырап алады.


Бұл салттың да тəрбиелік мəні зор.


 





Пікір жазу