Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
123
ӨЗ БАЛАСЫН ӨЗІ САТЫП АЛУ
Баласы тоқтамаған адамдар, баламның өмір-жасы ұзақ болсын деген мақсатпен: Өмірұзақ, Ұзақбай, Тоқтасын деп ат қояды. Баласы оған да тоқтамаса, қоныс, орын, үй жөткейді. Ал, оған да тоқтамаса, туыстық қарым-қатынасы жоқ, кісілігі жоғары, балалы-шағалы бір адаммен сөз байласады. Олар жөргек жасап апарып, бала шыр етіп жерге түскенде кіндігін кесіп, жөргекке орап əкетеді де, азан шақырып ат қойып, үстіне қариялардың ескі-құсқыларынан киім тігіп кидіреді. 40–50 күн өткен соң, оны баланың өз ата-анасы барып сатып ала- ды əрі жол-жөнекей жеті ақсақалдың алдына барып, оның бата-тілегін алып, баланы өз үйіне іргеден немесе терезеден кіргізіп алады.