22.11.2021
  192


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАНЫ СЫЛАУ

« Баланы – сылау, қарды – қылау өсіреді» деп, бала өздігінен талпынып жүргенге дейін ауық-ауық қойдың құйрық майымен сылап, қол-аяғын керіп-созып: «өс, өс, өс!» деп ақырын-ақырын созғылап


отырады. Əрі:


 


– Өс-өс, өс! Үйден пəле көш! Тəу-тəу, тəу!


Сыламақ менен, Ширамақ сенен! Менің қолым емес,


Би бəтимə пірімнің қолы! Тастай мықты бол!


Темірдей төзімді бол! Сүттен ақ бол!


Судан пəк бол!


Дерт атаулы кірмесін! Ақ бөпеме тимесін!


Өс-өс, өс!


Үйден пəле көш! –


 


деп қанатты сөздермен игі тілектерін білдіреді.


Баланы қойдың құйрық майымен майлап сыласа, баланың терісі жұмсап, сезім-түйсіктеріне əсер етіп, қан айналысы жақсарады. «Өс, өс» деп баланың қол-аяғын жазып, керіп-созса, буын-буындары тегіс жазылып, бала денесі шынығып, шыңдалып, сау денелі, сымбатты бо- лып өседі.





Пікір жазу