Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
153
БАЛАНЫҢ ҚЫРҚЫНАН ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІНГІ КҮТІМІ
Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік ғылыми мəні бар. Бала қырқынан
шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан жəне ана мен баланың əртүрлі қауіп-қатерден сақтануы үшін қажет.
Əдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суға алма-кезек шомылдырып отырады.
Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру-сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су – бала-
ның денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс-қоңыстарды жо- йып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал, маралшөп қосыл- ған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.