Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
187
БЕСІК ЖƏНЕ БЕСІК ЖАБДЫҚТАРЫ
Бесік əдетте ағаштан, əсіресе талдан кесіп, қашап, иіп əртүрлі формада жасалады. Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік көрпе, төсеніш, қолбау, тізе бау, түбек, шүмек қатарлылардан тұрады.
Түбек көбінде фарфордан, шүмек аршадан, асықты жілік сияқты заттардан жасалады.
Шүмекті аршадан жасаса, түрлі микробты өлтіріп, аурудың алдын алады. Ал жіліктің адам денесіне кері əсері аз болады. Фарфор су тартпайтындықтан, дəретке шірімейді, сасымайды.