22.11.2021
  601


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БЕСІК АЛАСТАУ

Баланы бесікке бөлер кезде əрдайым ең алдымен бесікті міндетті түрде аластайды. Бесікті көбінде арша бүрі-шырпысын тамызып, ол болмаса, шам, шақпақ, сіріңке талы секілді жарық шығаратын заттар-


дың бірін пайдаланып, бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра:


 


– Алас, алас, алас! Əр пəлеңнен қалас!


Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Уы жаманның уынан алас!


 


Алас, алас, алас!


Қыла гөр Алла мың пəлеңнен қалас! –


 


деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі.


Бесік аластаудың да өзіндік ғылыми негізі бар:



  1. Аршаның микроб өлтіретін қасиеті бар. Сондықтан бұл бала- ның дені сау болып өсуіне септігін тигізеді.

  2. От жарығымен бесікті аластау зиянды жəндіктерден сақтан- дыру үшін қажет. Баланы бесіктен шешіп алған соң, түбек-шүмегін жуып, көрпе-жастығы мен жөргегін күнге жайып отырады.





Пікір жазу