Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
182
ИТЖЕЙДЕ (ИТКӨЙЛЕК) КИГІЗУ
Итжейде – дүние есігін ашқан нəрестенің алғаш киетін (қырқы- нан шыққанға дейін) көйлегі.
Əдетте итжейдені «кіндік шеше» немесе «кіндік əке» болған адам нəрестеге жұмсақ кездемеден мол етіп, тігісін сыртына қаратып тігіп əкеледі. Нəрестенің ата-анасы оған көйлек, шапан кигізіп, қалжаға сойған малдың терісі мен төстігін беріп қайтарады. Бала қырқынан шыққан соң, кіндік шеше, кіндік əкелері, адал көйлек деп ресми баға- лы кездемеден көйлек тіктіріп əкеліп кигізеді.