Туындылар ✍️
ҚАЛЖА БЕРУ
Қалжа – босанған анаға арнаулы мал сойып беретін ет пен сорпа.
Əйелдерді құрметтеп, қадірлейтін халқымыз аналар жүкті болған- нан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні ілгері еркек қой əзірлеп қояды.
Жаңа босанған анаға «қалжа» берудің үлкен маңызы бар. Яғни, қалжаға сойған малдың бауыздау қанын сəл ағызып, қалған қанын таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуырып, жаңа босанған анаға, дəрі ретінде береді. Піскен мойынды бөлмей мұжып, «баланың мойны тез бекісін» деп биік бір жерге ілдіріп қоя- ды. Асықты жілікті де мұжып, сорпаға қандырады. Міне, бұл «қалжа жеу» деп аталады.
Қалжа жеген əйелдер белін тез бекітіп, қол-аяғын бауырына алады. Түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті мола- йып, нəресте тез ширайды. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде мық- ты болады. Сондықтан үлкен кісілер əлжуаз жігіттерді көргенде: «Əй, сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?» – деп кейістік білдіреді.