Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
137
ШІЛДЕХАНА КҮЗЕТУ
Шілдехана – жаңа туылған бала мен жаңа босанған ананың құр- метіне жасалатын ойын-сауық. Шілдехана күзетуге, негізінен, босан- ған ананың жақын маңдағы туыс-туғандары мен көрші-қолаңдарының
жігіт-желең, қыз-қырқындары, сондай-ақ, өнер сүйер үлкен-кіші ауыл адамдары келеді. Онда əр күні кеште ел орынға отырып, малды қора- лап, ас-су ішіп, ат-көліктерді отқа қойған соң, босанған ананың үйіне жиналып əн салып, күй тартып, өзара айтысып, жаңа босанған ана мен нəрестені əсем əнмен əлдилеп, тəтті күймен тербетеді.
Шілдехана əдетте бір апта, тіпті 40 күнге дейін шам өшірмей жал- ғастырылады. Шілдехана күзетудің өзіндік ғылыми мəні бар.
- Жас босанған ана мен нəрестенің шошынып, түрлі жүйке ауру- ларына шалдығуының алдын алады.
- Жаңа туған нəрестенің тұншығып қалуының немесе зиянды жəндіктердің шағып зақымдап кетуінің алдын алады.
- Жас босанған ана мен нəресте əн-күй, өлең-жыр тыңдап, тез сергиді. Бала болашақта ізгі ниетті, өнер сүйгіш, ақ көңіл, ашық- жарқын болады.