Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
22.11.2021
319
![](/uploads/shorttexts/author_image/q-tq0z485va.jpg)
«КІНДІК ШЕШЕ», «КІНДІК ƏКЕ» БОЛУ
Қазақ салтында «кіндік шеше», «кіндік əке» болу аса абыройлы іс саналады. Сондықтан «кіндік шеше», «кіндік əке» болғысы келген кісілер нəресте дүниеге келмей тұрып-ақ, оның ата-анасына: «ұмытып
қалмаңыздар, балаңыздың кіндігін өзім кесемін» деп күні бұрын ай- тып қояды əрі сол күннен бастап сол отбасымен жиі қарым-қатынас жасап, түрлі жұмыстарына қарасып-қайырылыса бастайды. Ана бо- санғанда басы-қасында болып, үй шаруаларына көмектеседі əрі бала- сының кіндігін кесіп, ресми «кіндік шеше» немесе «кіндік əке» болады. Бұл салт адамдар арасында береке-бірлік пен достықты нығайтады.
Туысты көбейтіп, өрісті кеңейтеді.