22.11.2021
210
Құдағилар жыры
Құдағижан атандым құрмет көріп,
Көңіл, шіркін, шалқыды дүрмекке еніп.
Ағытайық өлеңнің тамашасын,
көкейімнен ұшыр деп тұр кептеліп,
Бақыт жырын құйды үнім,
думан толы үй бүгін.
Айналайын құдағи,
қымбат маған сыйлығың...
Жалғыз қаздай баламның жұбын бердің,
келер соның ұлы мен қызын көргім.
Отау тіккен әдемі шаңыраққа
сүйсіну бар қараса жүзінде елдің...
Алтын құсым, ақ гүлім;
арманым жоқ тап бүгін:
Қосағыңмен қоса aғap,
таусылмасын шаттығым...
Тағдыр, бізді бұл күйден мәңгі айырма
көтергізіп сыныңның қандайын да.
Ұл мен қыздың қызығы сөнбейтұғын;
жарқырасын жұлдыздай маңдайымда.
Өмір қандай тамаша,
жадырадық балаша.
Тіршіліктің қызығы,
таусылмашы санаса...