22.11.2021
  142


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Тамшалы сай

(С. СӘУБЕТОВКЕ)

Тамшалы сай дегенде,
Тамшалы сай..,
Тамшалыда тамшының ән салысы-ай...
Тастан тасқа секірген тамшылары
сол әлемді жанымның аңсағаны-ай...
Тамшалы сай — сұлулық мөлдіреген,
сол сыйлаған шуаққа толды кемем.
Көңілімде өзге еш әсемдіктен
сияқты ма ерке өлең, өрбімеген,
Біртұтам жер — бір өзі бір елге тең,
шөлде мәңгі ол өмір сүрер ме екен...
Көлшік түбін жайлаған түкті балдыр,
балдыр ма әлде жайылған кілем бе екен...
Қазақтар ма сол маңға қой бақтырған,
суға шашу шашыпты оймақ-нұрдан.
Жасырынып тастардың тасасында,
тамшылармен кім екен ойнап тұрған...





Пікір жазу