22.11.2021
251
Өлең
Жылт еткен сәуле, жарқын ой
жүгіріп бастан өтсе eгep—
өлеңнің ол бір шарты ғой,
жетпеген оған жоқ шебер.
Ауыр хал жаным түршіккен
жүректі өтсе сығымдап —
қала алман, өлең, тыншып мен
түскенше жерге шырылдап,
Сағыныш сабыр қашырса,
өзгені жоққа шығарып —
атылып кетіп жасынша
келеді қайта жыр алып.
Сан күйлер баста түйіліп,
қиналсам таппай бір амал —
көз болып ойға құйылып,
бұлақтай тағы жыр ағар.
Көп пе екен, білмен, әлі аз ба,
әр өлең құсап соңғы рет
тамшыдай таза қағазға
тізіліп қалар мөлдіреп...