22.11.2021
  218


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Алтынай

Әні Жиде Жеткізгенованікі (Құралбекке)

Айдың нұры арқалаған сан арман...
Ай нұрында сұлулық бар сан алуан,
Саған деген көңілімнің іңкәрі
Айдың аппақ сәулесінен жаралған...
Аспанымның алтын Айым ғажабы,
отбасымның Алтынайым ажары.
Тарқамайды өзің барда ешқашан,
тарқамайды бақытымның базары...
Бағынатын жүректердің еркіне
Айдың нұры махаббаттың серті ме?!
Ғұмыр берген әр пендеңді жаратқан,
ұшырата гөр махаббаттың дертіне...





Пікір жазу