Азия даусы
Әні Гүлнәр Құлсариеванікі
Ғасырлардың көш-керуені тынбаған
құмға толы, сырға толы бүл ғалам.
Жібек жолын ұзатып сап қиырға
келешекке мәңгі қолды бұлғаған.
Сан ғасырдың сырын бүккен бір тасы
Азияның таулары мен қырқасы,
Күн нұрына малып тұрған жанымды
шырқа бүгін...
шырқа бүгін, шырқашы....
Уақыт сені алақанда тербеген
заманаға ешбір тыным бермеген.
Азия дауысы естіледі әлемге
жалғастыра аспан астын Жерменен.
Ғасырлардың қойнауынан жаңғырып
естілесің
керуендердей сән құрып.
Ынтымақтың желбіретіп туларын,
Азия дауысы, тынба! Тынба мәңгілік!
Күңіреніп жетеді үнің шалғайдан,
елес беріп сан құпия, сан майдан.
Аласапыран таңғажайып тарихтың
сезінемін кермек дәмін таңдайдан,
Ғасырлардан Азия деген қалыпты ат,
әлемге өзін тағы да ол, танытпақ.
Жер-ананың құстай қалқып төсінде
Азия даусы, жүрші мәңгі қалықтап...