22.11.2021
149
Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің
Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің,
Өзгереді кей шақта ойға еккенім.
Ашуымды басасың орынсыз деп,
Сыймай қалды былтырғы көйлектерің...
Болса да сәбиліктің шарты басым,
Өзіңше ой айтуға талпынасың...
Болмаған кездеріңе артып жүрмін,
Мен қазір болмысымның бар кінәсін.
Алаңдап тірлігіңнің әр қамына,
Бой бермей түрлі ойдың салмағына,
Егер сен сәл ертерек туған болсаң,
Болмас па ед шаштың аппақ талдары да...
Гүлжауһар Сейітжан Гүлжауһар Сейітжан өлеңдері Гүлжауһар Сейітжан шығармашылығы сөйлеу үн қату жауап беру