22.11.2021
  441


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ТУҒАН ЖЕР!


О, туған жер! Қасиетті қара жер,
Бар қазаққа пана болған Ана Жер.
Тауың, тасың қасиетті мен үшін
Сол тұғырлы қасиетіңмен қала бер!

Қара тасың мақтадан да мамықтай,
Соқпақ жолың тізіп құйған қалыптай.
Барлық ақын-жырау, тіпті жазушы,
Өзің жайлы жыр толғайды жалықпай.

Бабалардан мұра болып қалған жер,
Жауды қуып найза ұшымен алған жер.
Әкем күтіп, сүйіншілеп әжем кеп
Анам туып, кіндік қаным тамған жер.

Отан Анам сенде тудым, сенде өстім.
Сенен мықты ұлылықты көрмеспін.
Қайта оралам мен өзіңе қара жер
Сондықтан да, өзіңменен жерлеспін!

Көкірегімде мақтаныш тұр керемет
Перзентіңді шалыс басса демеп өт.
Өле-өлгенше өзіңменен мақтанып
Әл-қисса ғып айтып өтеді ел ерек!

Көтер қане енді қазақ еңсені,
Өзге елдің өткір емес семсері.
Отан болып шекараны бекіттік,
Енді біздің бағымыз бар бес елі!

Атты міне туған жердің ақ таңы,
Жер ананың жарқырайды аспаны.
Туған жерді жаудан қорғап қазағым
Бабалардың төгіліп ед(і) жас қаны.

Өткен жылдар сала алмады құрығын,
Қазағым-ау биік енді тұғырың!
Мақтанамын көкірекке қол қойып,
Қасиетті Туған жерім тұғырым!

Отан Анам, жер Анам ғажап едің,
Әр кім-ақ бір өзіңнен табар емін.
Отаным деп от кешкен сұм соғыста
Қадіріңді біледі қазақ елім!

Өлеңменен өзіңді жағаладым,
Өзіңнен жырақтауды қаламадым.
Гүлзар бағың бұйырса бұрышына
Мен де бір кірпіш болып қаланамын!





Пікір жазу