22.11.2021
3198
ШӘКІРТТЕРГЕ!
Мектептегі әр күнің балдай уақыт,
Өздеріңмен мақтанам таңдай қағып.
Білім берген шәкіртім мына бүгін
Ұстазынан озып тұрса қандай бақыт!
Әрбіріңді ерекше тең көремін,
Тең көремін, қолдаймын, дем беремін.
Ұстаз деген шәкірттің анасы ғой
Өз баламдай көргенді жөн көремін.
Өсіңдер, ғылым іздеп шарқ ұрыңдар,
Ақшадан "Кітап" деген артығы бар.
Қолыңды мезгілінен кеш сермемей
Білімденіп биікке талпыныңдар.
Білім деген бабалар салған із бар,
Оқу оқып, ешқашан талмаңыздар.
Шамнан шырақ жағып ап әрқайсыңыз
Білімнің аспанында самғаңыздар!
Фариза Амангелдіқызы Фариза Амангелдіқызы шығармашылығы Фариза Амангелдіқызы өлеңдері шәкірт ШӘКІРТтерге тілек ШӘКІРТіме тілек оқушы