22.11.2021
  5116


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ҰЛЫМНЫҢ 6 ЖАС ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАУ

Ұлым менің!
Өміріме жарық берген Күнім дедім,
Тек шаттық-қуаныштан күлімдегін.
Өзіңе арналады жырым менің!

Қоңыр қозым,
Замандастан оқ бойы болып озғын,
"Менің ұлым" деп әкең мақтанатын
Тек біз емес, еліңнің көзі болғын!

Бауыр етім,
Үй ішіңнің жұлдызын жарық еттің,
Жігітке сай нағыз ер мінезіңмен,
Бұлтты күні дауылды жарып өткін!

Балапаным!
Арайлап атсыншы тек дара таңың.
Туылған күніңменен құттықтаймын,
Жарқын болсын әрқашан болашағың!





Пікір жазу