22.11.2021
  333


Автор: Фариза Амангелдіқызы

Жұмадағы ой.


Біреулер кетеді, біреулер келеді,
Біреулер туылып  біреулер өледі.
Ата-анаң, бауырың, дос-жаран, туысың,
Ақжуып, ақ тарап, арулап көмеді...
Бір гүлдер жайқалып, бір гүлдер семеді,
Біреулер күдікті, біреулер сенеді.
Жаманға жағынба, жоқ оның керегі,
Кімге не жасасаң, айналып алдыңа
Көп өтпей келеді...
Біреулер алады, біреулер береді,
Өмірден жеңіліп, ал біреу жеңеді.
Бұл жалған дүние, жарығы бір күні
Бәрінде сөнеді...





Пікір жазу