22.11.2021
  393


Автор: Фариза Амангелдіқызы

Таксист қыз

Деректі оқиға желісімен

Фариза Амангелдіқызы

 

 Мариямның әкесінің ауырып жатқанына бүгін тура бір ай болды. Көлік жүргізіп нәпақасын тауып жүрген Әкім бір ай бұрын көлік апатына түсіп, жұлыны зақым алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Студент қызы мен мектеп оқитын ұлының тамағы мен киімін таксист болып тауып жүрген еді. Өзі көлікті өте жақсы меңгерген, жақсы жүргізеді. Асығып-аптықпайды, және көлікті байыппен айдау керектігін Мариямға да үйретіп отыратын. Мариям студент. Демалысқа келгенде әкесі екеуі жазық далаға шығып машина айдауды үйренетін. Қала сыртында тұратындықтан, Мариям жатақханаға орналасқан. Тек сенбі-жексенбі үйде болатын. Жастайынан көлікке қатты құмар болды. Әкесі де бетін қақпай барынша үйретуге тырысты. Міне, енді көлік те қираған, әкесінің халі нашар, ал анасы үйде отырған әйел. 7сынып оқитын інісі бар.
Бір ай бұрын Әкім кешке жұмыстан келе жатып жолда қолын бұлғап тұрған бір жігітті көреді. Жауын құйып тұр. Әбіржіп қалмасын, ала кетейін деген оймен тоқтады. Ішке кірген жас жігіт тілі бұралып "Рақметті" зорға айтты. Ішімдіктің иісі мүңк етіп, лезде көлік ішін қолаңса иіс алып кетті. Әкім ішімдік ішпейді, бірақ ойланып тұрып, амалсыз қайта түс деуге ыңғайсызданып, жүріп кетті. Жол-жөнекей әлгі жігіт әр нәрсені бір шатып, Әкімнің мазасын әбден алды. Бір кезде жүрегі айнығанын айтып, көлікті тоқтатуын сұрады. Бұл жерге тоқтауға болмайды, біраз жүріп барып тоқтайын деген Әкімнің қолына жармасқан әлгі жігіт тоқта шшш... деп рульді бұрып жіберді. Қарсы алдында келе жатқан көлікке барып соқтығуға сәл қалғанда Әкім рульді қарсы бағытқа бұрып жіберді де, көше шетінде тұрған цементке барып ұрынды. Бәрі аяқ-астынан көзді ашып-жұмғанша болды. Әкім есін ауруханада жинады. Көлік оқыстан ұрылғандықтан, тура белге салмақ түсіп, жұлыны зақым алыпты. Ал әлгі жігіт дін-аман. Еш жері зақымданбаған. Тек бет терісі сырылып, аяғы қысылып қалыпты. Ақсаңдап көрші палатада жүр. Жайсыз хабарды есітіп үй іші түгел ауруханаға жетті.


 Әкім есін жинаса, денелері қақсап барады екен, бірақ аяғы жансыз сияқты ауруды сезер емес. Себебін сұрап еді, уколдың әсері деді. Мариям анасы мен інісін отырғызып, өзі дәрігермен сөйлесті. Қазір жан сақтау бөлімінде деп, ертерек ота жасамаса болмайтынын айтты. Мариям ойланып жатпастан қол қойып жіберді. Ал, апатқа жауапты әлгі жігіт келіп, басы салбырап кешірім сұрады. Онымен сөйлесіп отыратын уақыт жоқ деп, Мариям әкесін көруге кірді. Есін бір жинап, бір талықсып әкесі қиналып жатыр.
Не керек ота жасалынды. Әкім аман, бірақ аяқтары жансыз қалды. Белінен төмен сезбейді. Ауруханадан шыққан соң да, үйінде бір ай жатты. Мариям оқуын жалғастырмаса болмайды, жұмыс істемесе тағы болмайды. Қаражат жағынан қинала бастады. Ағайын-туыс, дос-жаран қашанғы берсін. Олардың да өз отаны бар. Шындап келгенде Мариям көмек сұраған да емес. Өздері келіп беріп жатты. Ауыртпалықтың бәрі өз мойнына түсіп тұрғанын Мариям жақсы білді.

Сондықтан да, оқуын бір жылға тоқтатып, жұмыс іздеуге кірісті. Қалада жұмыс көп, екі қолға бір күрек деп білекті сыбанды да, екі жерден жұмыс тапты. Күндіз қымбат ресторанда даяшы, түнде магазинде сатушы болып істеп жүрді.

Соңғы кезде қатты зорыққаннан түтігіп кеткен. Әкесі қызының мына жүзін көріп, ернін тістелегеннен басқа ештеңе қолынан келмеді. Үйдің ас-ауқаты мен керек -жарағы, әкесінің дәрі-дәрмегі мен інісінің оқу құралдары, бәрі бәрі Мариямның мойнында. Анасы да жұмыс істемекке бел буып еді, Әкімге қарайтын адам болмағандықтан үнсіз қалды. Солай күндері өтіп жатты. Бір күні кешкісін есік алдына әкесінің көлігі келіп тоқтады. Баяғы жас жігіт әкеліпті. Кінәсін мойындап, көлікті жөндеуден өткізіп берем деп алып кеткен болатын. Соны алып келіпті. Азын-аулақ қаражат пен азық-түлігі де бар. Әкіммен біраз әңгімелесіп отырды да, бәрінен кешірім сұрап шығып кетті. Кешірмегенде қайтеді? Одан қанша ақша сұрағанмен әкесінің денсаулығын сатып ала алмайды ғой. Керек кезде көмектесіп тұрамын, хабарласыңыздар деп нөмірін қалдырмақшы еді, Мариям бас тартты.

  Мариямның сұсты жанарынан қаймыққан жігіт үнсіз шығып кетті. Мариям әкесінің жанына келді де:
- Пап, машинаны маған бересің бе?

- Неге?
- Мен айдаймын.

- Сен жақсы жүргізгенмен куәлігің жоқ қой.

- Аламын. Қара жұмыс жасағанша такси айдайын.

- Қой, оның не? Таксиі нес? Рұқсат етпеймін.

- Пап...
- Жоқ!
Әңгіме осымен аяқталды. Мариям үнсіз бөлмесіне барып ұзақ ойланды. Бәрібір дегенімнен қайтпаймын деді ішінен. Қалайда ақша топтап, куәлік алуым керек. Есіне әлгі жігіт тастап кеткен ақша түсті.
Бір айда Мариям куәлік алып үлгерді. Өзіне сенімді. Басында әкесіне айтпай қала шетінде айдап келетін. Біртіндеп қалаға да кіріп-шығып үйренді. Қаланың көшелерін, ой-шұқырын жаттап алды. Бүгін барып ойын әкесіне айтып көрмекші. Анасының хабары бар, бірақ әкесі не дер екен?
Кешкі астан соң Мариям әкесінің бөлмесіне кіріп, екеуі біршама уақыт сөйлесіп отырды. Әкесі төсекке таңылғалы Мариям сырттан келсе, әкесіне жаңалық айтып, көрген-білгенін айтып көңілін аулайтын. Бүгін де әңгімені алыстан орағытты. Тоқ етерін соңында айтып, рұқсат сұрады. - Қызым, қазір куәліксіз жүру өте қиын болып кеткен.
- Пап, мен алып алғанмын.

- Қашан?
- Сізге айтсам рұқсат етпейді ме деп ойладым. Қара жұмыс істеп, берген тиын-тебеніне қанағат тұтқанша, емін-еркін өз жұмысымды жасайын. Егер уақыт болып жатса басқа жұмыс та қарастырып көремін.

- Өзіңді олай қатты шаршатпа қызым, жарайды көлікті ала ғой, бірақ тек бір шартпен, кешке жүргізбейсің. - Бірақ папа, таксидің жұмысы қайнайтын кез түнде ғой.
- Айттым, бітті !

- Жарайды...
Осыған да шүкір деп шыққан Мариям қуанышты жүзбен бөлмесіне кіріп кетті.
Ертеңіне-ақ жұмысқа кірісті. Күнімен рульде отырды. Түскі асын көлікте отырып ішті. Алғашқы күні табысты оралды. Бірақ нақты айлық емес, бір күн олай, бір күн бұлай табыс тауып жүрді. Таксиге отырғандар алғашында біртүрлі көзбен қарайтын, кейін Мариямның еті үйреніп кетті ме, мән бермейтін болды.


 Мариям осылайша такси айдап үйін асырады. Күндіз қала ішінде такси айдайды, кешкісін үйіне келіп тамақтанып, көлікті тастап баяғы жұмысы магазинде сатушы болуға кетеді. Соңғы кездері тым шаршап жүр. Ұйқысы да қанбайды. Анасы іштей сезеді, бірақ айта алмайды, айтқан күнде де, Мариям ешкімді тыңдамайды. Әкесі айтқанмен, шаршап жүргенім жоқ деп құтылады.
Бүгін дүйсенбі, дем аламын деп, жұмысқа шықпады. Түске дейін ұйықтады. Әжептәуір ұйқысы қанып, шаршауы басылып, көңілді оянды. Түскі астың үстінде анасы бір әңгіме қозғады.
- Әкім, саған үкіметтен қаржылай көмекке(мүгедектікке пенсия) құжат тапсырсақ қалай қарайсың?
Ішіп отырған шәйіне шашалып қалған Әкім, үнсіз қалды. Орнынан тұра алмай жатқанын уақытша деп ойлап, әлі-ақ аяққа тұрып, отбасымның панасы болып, бәрін өз мойныма аламын деп ойлаушы еді. Мына әңгіме өңменінен өтіп кетті. Мүгедек екенін енді сезінгендей. Іштей күңіреніп кетті. Айтарға сөзі болмай, жүрегі қан жылап, басын изей берді...
- Бүгін демалдым, түстен соң барып біліп қайтайын, қандай құжат керек екенін,- деді Мариям. Үй ішінде үнсіз келісім болды.
Қазір Әкім мүгедектікке байланысты пенсия алады. Ол да бір жыртықтарына жамау. Дәрі-дәрмек, ас-ауқаттарына жетіп тұрады. Әкім өмірдің бұл сынағына да мойынсұнды. Күндердің күнінде екі аяғы бірден істемей, төсекке таңылады деп кім ойлаған? Күндері өрімдей жас қызға қарап қалды. Қызы бой жетіп отыр, қыз жат жұрттық емес пе? Қашан өз отбасын құрып кетеді? Ата-анасына қарайлап, өз өмірін ұмытса не болады? Әкім осы ойлармен ұйықтап жүргелі біраз болды. Қолдан келер қайран жоқ... Жүрегі қан жылайды...
Мариям әдеттегідей бүгін таңғы астан соң жұмысқа кетті. Такси тұратын тұраққа бара жатқан, асығыс шығып келе жатқан бір жігіт қолын көтерді. Ала кетейін деген Мариям көлігін дереу тоқтатты.


- Иә, қайда апару керек,- деген нәзік үнді есітіп жалт бұрылды.
- А, ойбай, сіз қыз ба едіңіз,- деп күліп жіберді.

- Байқамаппын да ғой, кепка киіп алғанға, дұрыстап та қарамаппын. Не ғой, мен әлгі, абдырап қалдым ғой, мені жаңа құрылыс алаңына апарасыз ба?
- Жарайды.
Көлікте үнсіздік. Мариям күнделікті ойға шомып кеткен. Ал жігіттің бар ойы қызда. Көзінің астымен ұрлана қарап қояды. Баяу үнмен музыка ойнап тұр. Ақыры әлгі жігіт шыдай алмай Мариямнан сұрамақшы болып, бірқырындай отырды да:
- Сіз шынымен такси жүргізушісіз бе, әлде, жолай менің тоқтатқанымды көріп ала кетейін дедіңіз бе?
- Өзіңіз қалай ойлайсыз?
- Енді... Қыз баласы мұндай жұмыс істемейді ғой дегенім ғой.
- Неге олай ойлайсыз? Қыздар әлсіз дегіңіз келе ме? Әлде, қолынан келмейді дейсіз бе?
- Жоқ, ондай ойым жоқ. Қазір қыз да, еркек те айырмашылық жоқ айдай беретін болды ғой. Ермекке...
- Бәрі ермекке айдай бермейді !- деді зілді дауыспен. Мұндай сөзді күтпеген жігіт:
- Мүмкін, -деді де үндемей терезеге бұрылды. Осымен екеуінің арасындағы әңгіме үзілді. Межеге жеткен кезде жігіт-шырақ түскісі келмей қипақтап біраз отырды да, Мариямнан телефон нөмірін сұрады.
- Оны не істейсіз?- деді қыз жанары дөңгеленіп.
- Мен мына құрылыс алаңынан біраз зат алып кетуім керек еді, қорықпаңыз, қатты ауыр немесе көлікке зиян келтіретін материалдар емес. Салон жалдайын деп едім. Соған көлік іздегенше сізді шақырсам, - деді күлімсіреп. Мариям қомақты ақша алатын болдым, деп қуана келісті де, телефон нөмірін берді. Жігіт түсіп қалуын-қалғанымен, көліктің соңынан ұзақ қарап тұрды. Соңғы өткен 10 минуты бір қызық жағдай сияқты болып көрінді. Қайта-қайта сағатына қарап, күткен адамы келген соң, дереу қажет затын алып "уф" деді де, төс қалтасынан телефонын алды.
Бес минутта құрылыстың алдына келіп жеткен Мариям жігітті күтіп тұр.


 Мариям келісімен жігітті іздей бастады. Хабарласып, тағы басқа таксимен кетіп қалмады ма екен деп ойлап тұр. Құрылыс алаңынан қорап көтерген әлгі жігіттің сұлбасы көрінгенде қуанып кетті. Есікті ашып, бәйек болып жүр. Қанша зат? Багажын да ашайын ба? Жігіт аз-кем қызарақтап, ұялып қалды.
- Отыра беріңіз, өзім саламын ғой, көп емес, 4-5 қорап. Үй ремонтына қажетті заттар ғой.
- Мейлі, ештеңе жоқ. Ауыр емес қой. Сыймағанын багажға салайық.
Екеуі тасып жүріп, лезде-ақ қораптарды тиеп үлгерді. Қолын сулыққа сүрткен жігіт, тағы біреуін Мариямға ұсынды. Қыз болса да, мұндай зат алып жүру есіне келмеген Мариям ұялып қалды. Екеуі көлікке жайғасты. Мариям оқуын тастағалы еркелігін де, қыз екенін де ұмытқан. Күні-түні жұмыс істеп, үйінің бар ауыртпалығын мойнына алғалы артық ештеңе ойламайтын болған. Міне, сулық алып жүру енді есіне түсіп отыр. Жігіт әңгіме бастады:
- Есіміңізді сұрамаппын ғой.
- Мариям.
- Менің есімім Олжас. Сізден бағаналы бері бір зат сұраймын деймін де, ренжітіп алам ба деп үндемеймін.
- Сұрай беріңіз. Менде өкпе жоқ, бәрі бауыр, - деп қалжыңдады Мариям.
- Неге такси жүргізушісі болып жұмыс жасайсыз?
- ... (Мариям осы сұрақты қоятынын біліп еді).
Біраз үнсіз отырды да, иығын көтерді:
- Білмеймін. Бұл әкемнің көлігі. Әкем таксист болатын. Кішкентайымнан көлікке қатты қызықтым.... Бұл ұзақ әңгіме.
- Ендеше түскі ас ішіп отырып әңгіме қылайық.
Түскі асты есітіп Мариямның ішегі шұрылдап кетті. Таңнан бері нәр сызбапты. Келісе кетті. Анасына хабарласып, түскі асты сырттан ішетінін айтты.
Көлік кішігірім дәмхананың алдына келіп тоқтады. Мариям қаланы бес саусақтай білем дегенімен, бұл жерді білмейді екен. Мекен - жайға Олжастың айтуымен келді. Дәмхана кішігірім болса да, жанған жайлы. Тыныштық. Адамдар да апыр-топыр емес. Кезегімен келіп, тапсырыстарын алып кетіп жатыр. Бос орын жоқтың қасы болса да, дәмхананың іші тыныштықта. Бейне бір жазықтық кең далада жүргендейсің. Шеткі үстелге келіп жайғасты. Олжас дереу дәмхананың ас дайындайтын бөлмесіне кіріп кетті. Мариям таңданып тұр. Олжастың дәмхана иесі екенін білмеген еді.
Біраздан соң Олжас келіп жайғасты. Мариям мән-жайды білгісі келіп оны сұрақтың астына алды:
- Олжас, бұл дәмхана кімдікі? Жаңа ана жаққа еркін кіріп-шыққаныңа қарағанда туыстарың ба ?- деп қалдым. Әлде...
Олжас ақырын жымиды.
- Иә, бұл дәмхана менікі. Кішігірім болса да табысы жақсы шүкір. Негізі мен өзім туралы көп айтқым келмейді. Бірақ неге екенін қайдам сенен ештеңе жасырғым келіп отырған жоқ.
- Сонда сен білдей бір дәмхананың егесісің бе? Мүмкін әлгі құрылыс та сенікі шығар.
- Иә,- деді тағы жымиып Олжас.
- Мәссаған, онда неге жаяу жүрсің? Айтпағым, байлар күшті машина мінеді,- дегім келген деді Мариям таңданып.
- Мен бай емеспін ғой. Жәй шаруамды дөңгелетіп жүрген бір кәсіпкермін. Көлігім бар, сен айтпақшы байлар мінетін көлік болмаса да қарапайым көлігім бар. Аздап бұзылған соң жөндеуге бердім. Екі-үш күнде шығады бұйырса. Мариям негізі сен туралы әңгіме қыламыз деп едік қой,- деді күліп Олжас.
- Аа иә, мен сол өзің көріп отырғандай такси айдаймын,- деп бастады әңгімесін Мариям.
Екеуі ұзақ әңгіме қылды. Мариям басынан өткен қиындықтардың барлығын айтты. Үнсіз тыңдаған Олжас қызға сабыр тілегеннен басқа ештеңе айта алмады. Күн ұзаққа отырған олар, түс ауа дәмханадан шықты. Қажетті заттарды үлкен үйдің алдына алып келді.
- Сенің үйің бе?- деді Мариям жымиып.
- Жоқ, бұл ата-анамның үйі. Мен басқа қалада тұрамын.
Мариям қысқа ғана уақытта біртүрлі Олжасқа бауыр басып үлгерді ме, түсініксіз бір сезім бойын билеп кетті. "Басқа қалада тұрамын" деген сөз көңіліне жайсыз тиіп, миына "қайтып кетіп қалса ше" деген қорқыныш барып үлгерді. Көңілі құлазып, үнсіз қораптарды көліктен шығара бастады. Осы кезде үйден бір қарт кісі шығып, бұларға қарап тұр екен. Олжас барып анасын құшақтап, жас балаша еркелеп алды. Мариямды шақырып анасымен таныстырды.


 Біраздан соң Олжас келіп жайғасты. Мариям мән-жайды білгісі келіп оны сұрақтың астына алды:
- Олжас, бұл дәмхана кімдікі? Жаңа ана жаққа еркін кіріп-шыққаныңа қарағанда туыстарың ба ?- деп қалдым. Әлде...
Олжас ақырын жымиды.
- Иә, бұл дәмхана менікі. Кішігірім болса да табысы жақсы шүкір. Негізі мен өзім туралы көп айтқым келмейді. Бірақ неге екенін қайдам сенен ештеңе жасырғым келіп отырған жоқ.
- Сонда сен білдей бір дәмхананың егесісің бе? Мүмкін әлгі құрылыс та сенікі шығар.
- Иә,- деді тағы жымиып Олжас.
- Мәссаған, онда неге жаяу жүрсің? Айтпағым, байлар күшті машина мінеді,- дегім келген деді Мариям таңданып.
- Мен бай емеспін ғой. Жәй шаруамды дөңгелетіп жүрген бір кәсіпкермін. Көлігім бар, сен айтпақшы байлар мінетін көлік болмаса да қарапайым көлігім бар. Аздап бұзылған соң жөндеуге бердім. Екі-үш күнде шығады бұйырса. Мариям негізі сен туралы әңгіме қыламыз деп едік қой,- деді күліп Олжас.
- Аа иә, мен сол өзің көріп отырғандай такси айдаймын,- деп бастады әңгімесін Мариям.
Екеуі ұзақ әңгіме қылды. Мариям басынан өткен қиындықтардың барлығын айтты. Үнсіз тыңдаған Олжас қызға сабыр тілегеннен басқа ештеңе айта алмады. Күн ұзаққа отырған олар, түс ауа дәмханадан шықты. Қажетті заттарды үлкен үйдің алдына алып келді.
- Сенің үйің бе?- деді Мариям жымиып.
- Жоқ, бұл ата-анамның үйі. Мен басқа қалада тұрамын.
Мариям қысқа ғана уақытта біртүрлі Олжасқа бауыр басып үлгерді ме, түсініксіз бір сезім бойын билеп кетті. "Басқа қалада тұрамын" деген сөз көңіліне жайсыз тиіп, миына "қайтып кетіп қалса ше" деген қорқыныш барып үлгерді. Көңілі құлазып, үнсіз қораптарды көліктен шығара бастады. Осы кезде үйден бір қарт кісі шығып, бұларға қарап тұр екен. Олжас барып анасын құшақтап, жас балаша еркелеп алды. Мариямды шақырып анасымен таныстырды.

Біраздан соң Олжас келіп жайғасты. Мариям мән-жайды білгісі келіп оны сұрақтың астына алды:


- Олжас, бұл дәмхана кімдікі? Жаңа ана жаққа еркін кіріп-шыққаныңа қарағанда туыстарың ба деп қалдым. Әлде...
Олжас ақырын жымиды.
- Иә, бұл дәмхана менікі. Кішігірім болса да табысы жақсы шүкір. Негізі мен өзім туралы көп айтқым келмейді. Бірақ неге екенін қайдам сенен ештеңе жасырғым келіп отырған жоқ.
- Сонда сен білдей бір дәмхананың егесісің бе? Мүмкін әлгі құрылыс та сенікі шығар.
- Иә,- деді тағы жымиып Олжас.
- Мәссаған, онда неге жаяу жүрсің? Айтпағым, байлар күшті машина мінеді,- дегім келген деді Мариям таңданып.
- Мен бай емеспін ғой. Жәй шаруамды дөңгелетіп жүрген бір кәсіпкермін. Көлігім бар, сен айтпақшы байлар мінетін көлік болмаса да қарапайым көлігім бар. Аздап бұзылған соң жөндеуге бердім. Екі-үш күнде шығады бұйырса. Мариям негізі сен туралы әңгіме қыламыз деп едік қой,- деді күліп Олжас.
- Аа иә, мен сол өзің көріп отырғандай такси айдаймын,- деп бастады әңгімесін Мариям.
Екеуі ұзақ әңгіме қылды. Мариям басынан өткен қиындықтардың барлығын айтты. Үнсіз тыңдаған Олжас қызға сабыр тілегеннен басқа ештеңе айта алмады. Күн ұзаққа отырған олар, түс ауа дәмханадан шықты. Қажетті заттарды үлкен үйдің алдына алып келді.
- Сенің үйің бе?- деді Мариям жымиып.
- Жоқ, бұл ата-анамның үйі. Мен басқа қалада тұрамын.
Мариям қысқа ғана уақытта біртүрлі Олжасқа бауыр басып үлгерді ме, түсініксіз бір сезім бойын билеп кетті. "Басқа қалада тұрамын" деген сөз көңіліне жайсыз тиіп, миына "қайтып кетіп қалса ше" деген қорқыныш барып үлгерді. Көңілі құлазып, үнсіз қораптарды көліктен шығара бастады. Осы кезде үйден бір қарт кісі шығып, бұларға қарап тұр екен. Олжас барып анасын құшақтап, жас балаша еркелеп алды. Мариямды шақырып анасымен таныстырды.


 Біраздан соң Олжас келіп жайғасты. Мариям мән-жайды білгісі келіп оны сұрақтың астына алды:
- Олжас, бұл дәмхана кімдікі? Жаңа ана жаққа еркін кіріп-шыққаныңа қарағанда туыстарың ба деп қалдым. Әлде...
Олжас ақырын жымиды.
- Иә, бұл дәмхана менікі. Кішігірім болса да табысы жақсы шүкір. Негізі мен өзім туралы көп айтқым келмейді. Бірақ неге екенін қайдам сенен ештеңе жасырғым келіп отырған жоқ.
- Сонда сен білдей бір дәмхананың егесісің бе? Мүмкін әлгі құрылыс та сенікі шығар.
- Иә,- деді тағы жымиып Олжас.
- Мәссаған, онда неге жаяу жүрсің? Айтпағым, байлар күшті машина мінеді,- дегім келген деді Мариям таңданып.
- Мен бай емеспін ғой. Жәй шаруамды дөңгелетіп жүрген бір кәсіпкермін. Көлігім бар, сен айтпақшы байлар мінетін көлік болмаса да қарапайым көлігім бар. Аздап бұзылған соң жөндеуге бердім. Екі-үш күнде шығады бұйырса. Мариям негізі сен туралы әңгіме қыламыз деп едік қой,- деді күліп Олжас.
- Аа иә, мен сол өзің көріп отырғандай такси айдаймын,- деп бастады әңгімесін Мариям.
Екеуі ұзақ әңгіме қылды. Мариям басынан өткен қиындықтардың барлығын айтты. Үнсіз тыңдаған Олжас қызға сабыр тілегеннен басқа ештеңе айта алмады. Күн ұзаққа отырған олар, түс ауа дәмханадан шықты. Қажетті заттарды үлкен үйдің алдына алып келді.
- Сенің үйің бе?- деді Мариям жымиып.
- Жоқ, бұл ата-анамның үйі. Мен басқа қалада тұрамын.
Мариям қысқа ғана уақытта біртүрлі Олжасқа бауыр басып үлгерді ме, түсініксіз бір сезім бойын билеп кетті. "Басқа қалада тұрамын" деген сөз көңіліне жайсыз тиіп, миына "қайтып кетіп қалса ше" деген қорқыныш барып үлгерді. Көңілі құлазып, үнсіз қораптарды көліктен шығара бастады. Осы кезде үйден бір қарт кісі шығып, бұларға қарап тұр екен. Олжас барып анасын құшақтап, жас балаша еркелеп алды. Мариямды шақырып анасымен таныстырды.


 Мариям Олжас не айтар екен деп бетіне қарады. Олжас аз-кем ойланып тұрды. Қалай айтсам екен, Мариям дұрыс жағынан түсінсе екен деп уайымдады. Не де болса бастадым, тәуекел деді де әңгімесін бастады.
- Мариям, сен маған ұнайсың.
Күлімдеген қыз, ұялып басын төмен салып, Олжастың жүзіне қарай алмады. Әңгімені әрі қарай қалай жалғарын білмеген Олжас, ағы да біраз үнсіз тұрды.
- Мариям.
- Ау.
- Маған деген аз да болса сезімің бар ма?
- Білмеймін...
- Мариям, сенен ештеңе жасырғым келмейді деп алғаш танысқан күні-ақ айтып едім ғой, есіңде ме? Мен саған бүгін ішімдегінің бәрін ақтарғым келіп отыр. Тыңдайсың ба?
- Иә, әрине айта бер.
- Біз інім екеуміз ерте жастан қиыншылықты көп көрдік. Әкем мен 6 жас, інім 4 жас кезінде анам үшеумізді тастап кетті. Анам қиыншылықты көп көрген кісі. Кейін қайта тұрмыс құрмады. Бізді ойлап өмірдің қызығынан, әйел бақытынан баз кешті. Негізі өзі 50ден енді асса да тым қажыған, өмір оны ерте қартайтып жіберді. Біздің осы күнге жетуімізге анам себепші. Тірнектеп жинап, інім екеумізді оқытты. Қара жұмыс анамның денсаулығын алып бітті. Өстік, жетілдік, кезек бізге келіп інім екеуміз кәсіп бастадық, шүкір адал еңбекпен тапқан малдың қайыры бар деген. Ешкімнен кем емеспіз. Анам енді, мені үйлендіріп, келін жұмсап немере сүйемін деп армандады. Мен студент кезден бірге оқыған бір қыз болатын, бірге қыз-жігіт болып ұзақ жүрдік. Үйленеміз деп шештік. Ол да үнемі әкесі жоғын айтатын. Мұңымыз бір еді. Тойдың күні кесіліп, барлық дайындық жасалды. Анамның қуанышында шек болмады. Бірақ Алла маған бұл бақытты көп көрді ме, той болатын күні өгей әкесі құда болып келді. Кім дейсің ғой, 6 жасымда тастап кеткен әкем. Бізді тастап 1 қызы бар әйелге кеткен еді. Енді алдымнан шығып тұр. Тойдың бәрі тоқтады. Анам қарсы болды. Мен де қанша сүйіктімнен айырылатынымды білсем де, мына сұмдыққа шыдай алмадым. Содан кейін е әкесі, е сүйіктім болған қызды көрген емеспін. Басқа қалаға кетіп қалдым. Кейін інім үйленді. Қазір шүкір анамның қолында тұрады.


 Інім мен келінімнің кішкентай сәбилері бар. Қазір отбасымен шет елге демалысқа кеткен соң, анамның жанына келген едім. Негізі Астанада тұрамын, сонда кішігірім дәмханам бар. Енді анамның арманы мені үйлендірсем дейді. Денсаулығым жоқ, сенен де немере көріп кетсем деп күнде құлақ етімді жейді. Шүкір жылда емделеді, денсаулығы қалыпты. Бірақ анамның күннен-күнге қартайып бара жатқанын сеземін... деп аяқтады әңгімесін Олжас.
Мариям не айтарын білмей үнсіз қалды. Іштей Олжасты ұнататынын мойындағанмен, кедергілер де аз емес сияқты. Олжастың үйленбекші болғаны мәселе емес, түсінуге болады. Бірақ дәл қазір Мариям ата-анасы мен бауырына керек екенін қалайша ұмытады? Әкесінің хәлі нашар. Табыс көзі бір Мариямға қарап отыр. Мариям кетсе олардың күні не болады? Осының бәрін ойлаған қыз, ернін тістелеп, өмірдің ащы да қатал сынына өкпелі күйде тұра берді. Олжас Мариямның ойланып кеткенін өзгеше жорыды.
- Мариям мені үйленген деп кеудемнен итермейсің деп ойлаймын. Барынша түсіндіруге тырыстым.
- Жоқ, мен олай ойлап тұрғаным жоқ. Жәй, ойланып кетіппін. Не істейміз, гүл көшеттеріне бармаймыз ба?- деп әңгімені бұрып өтірік күлімсіреп қоя берді. Екеуі қол ұстасып көлікке келді. Қала сыртында дачалардың бірінен барып екі қорап гүл көшеттерін алды. Анасының құрбысы сәлемін жеткізіп, қол бұлғап қоштасты. Қайтар жолда Олжасқа біреу телефон шалды. Көлігі жөндеуден шығыпты. Олжас қуанып кетті.
- Охо, Енді таксиші қыздың көмегі қажет емес десеңші, - деді күліп Мариям.
- Оның не, Енді мен сені алып жүретін боламын.
- Қалжыңдадым.
Екеуі күліп, түрлі әңгімелер айтып отырып қалаға жетіп қалды. Жолай көлік жөндейтін орталыққа келіп Олжас өз көлігіне көшеттерді ауыстырды да, Мариям екеуі қоштасып екі бөлек кетті. Мариям ары қарай жұмысқа барғысы келмей тіке үйіне қайтты. Үйіне келіп шаршадым деп жатып қалды. Анасы соңғы кезде Мариямның өзгеріп жүргенін байқап жүр. Бүгін жұмыстан келсе сөйлесермін деп ойлаған, Мариям тағы да бөлмесіне барып, жатып қалды.


 Таңертең таңғы асын ішіп отырып анасы Мариямға әңгіменің шетін шығарды.
- Қызым, соңғы кезде біртүрлі, шаршап жүрген сияқтысың. Әлде бір уайымың бар ма? Әкеңді уайымдамасын деп оған ештеңе айтпайсың білем, бірақ маған айтуыңа болады ғой.
- Ештеңе жоқ мам, жәй шаршап жүрмін соңғы кезде,- деп көзін тайдырып әкетті.
- Көрдің бе? Қашқақтап дұрыс жауап бермейсің.
- Түй мам, ештеңе дедім ғой,- деп күліп жіберді.
- Қызым, сөйлесіп жүрген жігітің бар ма? Оның несін жасырасың? Сен бойжеттің, қыз мұраты кету. Ерте ме, кеш пе тұрмыс құратының анық.
- Мам, мен сіздерді тастап ешқайда кетпеймін.
- Олай деме. Сенің бағыңды байлап, кешірілмес күнәға батпаймын. Егер сөйлесіп жүрген біреу болса, жасырмай айт.
- Негізінде бір жігіт бар, көп болмады танысқанымызға. Бірақ, мам, ол біз сияқты адамдар емес.
- Енді қандай адамдар, немене, біз сияқты болмай, сонда 4құлағы, 3көзі, 2мұрны бар ма?
- Жоғи, олардың үйін көрдім. Кинолардағыдай зәулім сарай. Ол жігіт мені ұнататынын айтты.
- Ал сен ше? Оны ұнатасың ба?
- Білмеймін. Бірақ онымен кездессем көңілім ала-бұртып, жүрегім кеудеме сыймай кетеді, ал қоштасып үйге қайтсам көңілім құлазып сала береді...
- Мариям, ертең ол жігітті үйге шақыр. Біздің жағдайымызды көрсін. Мүмкін...
- Ол бәрін біледі. Мен ештеңені жасырмай айтып бердім.
- Дұрыс істегенсің, қызым. Бүгін болмаса да, бір күні үйге ертіп кел.
- Жарайды, реті келген күні таныстырармын- деп Мариям жұмысына кетті. Осылай жүргенде Олжастың інісі мен келіні демалыстан оралып, Астанаға қайтатын болды. Әрине, бұл хабар Мариямның да көңіл-күйін түсірді. Екеуі түскі астарын ішіп отыр.
- Мариям, ертең мен жол жүремін. Ол жақтағы жұмысым да тоқтап қалды. Неге көңіл-күйің жоқ?
- Сен кетемін дегелі біртүрлі жақын адамым кетіп жатқандай болып жүрмін.
- Мен соншалықты жақынмын ба саған?
- Қатты бауыр басып қалдым...
- Онда менімен бірге жүрші. Менің жанымда боласың.
- Ата-анам ше? Бәрі менің қолыма қарап отыр ғой.
- Қарайласып тұрамыз ғой. Тіпті папаңды Астанаға емдетеміз.
Соңғы сөзді естігенде Мариям Олжасқа жалт қарады.


 Мариям Олжастың соңғы сөзіне ойланып қалды. Бір ойы әкесінің жазылып кетуіне аз да болса үміт ұшқыны пайда болды десе, бір ойы қалайша бөтен адамның мұндай үлкен сыйын қабыл аламын дейді. Мейлі, өзіне бөтен емес, бірақ әкесі не дейді бұған? Сан түрлі ойлар секунд ішінде миының бүкіл қатпарларын шарлап өтті. Оның ойын Олжастың қоңыр үні бұзып жіберді.
- Не ойлап отырсың Мариям? Әлде менің сөзіме қарсысың ба?
- Жоқ әрине. Қуанып отырмын. Бірақ, ата-анам не айтар екен...
- Жүр, дәл қазір барып сөйлесейік.
- Қазір ме?
- Иә, не қыламыз уақытты созып. Тек сен менің жанымда болсаң болды, басқасының бәріне ризамын.
- Мен онда мамама ескертейін,- деп Мариям телефонын алды.
Кішігірім үйдің қақпасының алдына бірінен соң бірі екі көлік келіп тоқтады. Оның бірі Мариям болса, екіншісі қара BMW көлігі еді. Мариям мен Олжас үйге кірді. Бұлардың келетінінен хабары бар ата-анасы жылы қарсы алды. Анасы құрақ ұшып жүр. Ал әкесі, қызының бақытын тапқанына қанша қуанғанымен іштей қызғаныш бар еді.
- Иә, айта отыр. Есімің кім? - деп бастады әкесі.
Олжас өзі жайлы барлығын айтты. Бұрын қандай тұрмысты, қазір қандай тұрмысты басынан өткеріп жүргенін бәрі-бәрін айтты. Тойы бола жаздағанын да жасырмады. Әкесі үнсіз тыңдады. Анасы дастархан жайып, кіріп-шығып жүріп құлағы елеңдеп, бірін естісе, біріне үлгермей жүр.
- Менің жағдайымды көріп отырсың. Өздігімнен қимылдай алмаймын. Мариямым жаныма жалау болып, үйдің тізгінін өз мойнына алғалы Құдайға зарымды айтып жатырмын. Мені алса, сәл де болса жеңілірек өмір сүрер ме еді...
- Пап, олай демеңізші,- деп Мариям әкесінің мойнына асыла кетті.
Осы кезде сөзге Олжас араласты.
- Негізі біз Мариям екеуміз сізге бір жаңалық айтуға келдік.
- О не жаңалық?- деп анасы елең ете қалды.
- Біз сізді Астанаға апарып көрсетсек деп едік. Мүмкін ота жасаса, аяғыңыздан тұрып кетерсіз.
Әкесі мырс етіп күлді де қойды. Ал анасы қуанғанын жасыра алмады.
- Қай ақшама емделемін? Онсыз да, қызымның тапқанына ортақтасып жатқаным ішімді жегідей жейді.
- Қазір құжат тураласа жеңілдіктер қарастырылған, жолдас балам хирург болып істейді,- деп өтірікті қойып қалды.


 Ары-бері әңгімемен алдаусыратып, ақыры Мариям мен Олжас Әкімді зорға көндірді. Келесі жетіде бұйырса Астанаға жол тартатын болды. Бәрінен де анасының қуанышында шек жоқ. "Әкімім баяғыдай өз аяғымен жүретін болды, өзі барлығын қолға алады, " деп іштей еміренуде. Ал қаражат жағынан Мариям мен Олжастан бөлек ешкімнің хабары жоқ еді. Олжас бұл хабарды кетерінен алдын анасына айтпақшы.
- Мам, бұйырса ертең жол жүремін. Бала-шағаңыз келді, енді менің керегім жоқ шығар,- деп қалжыңдады.
- Сондай әңгіме бола ма екен, балам-ау ол не сөзің?
- Қалжыңдадым ғой, мам, Астанада жұмыстарым қалып барады. Шақырып жатыр. Бірақ келесі жетіде қайтып келемін.
- Мұндағы жұмыстарыңа бола келесің бе, Елжасқа(Олжастың інісі) тапсырсаң сол-ақ реттейді ғой.
- Онсыз да, бұл жақтағы тірліктерді Елжасқа бергенмін Мама, мен басқа мәселемен келемін.
- Жайшылық па балам?
- Мам, өткен жолы есіңізде ме, бір қыз маған көмектесіп жүрді ғой көлігім бұзылғанда.
- Әлгі таксиші қыз ба?
- Иә, сол қыздың әкесі көлік апатынан түсіп екі аяғы істемей жатып қалыпты. Сол кісіні Астанаға апарып көрсетсек деп едім.
- Ол кім? Жақын кісіміз бе? Біз неге танымаймыз? - деп кіріп-шығып жүрген келіні әңгімеге араласты.
- Жақсылық қылсаң Алладан қайтады балам, дұрыс,- деді анасы.
- Менің сұрағыма ешкім жауап бермеді ғой,- деді келіні бұртиып.
- Иә, бізге жақын кісі. Менің болашақ келіншегімнің әкесі, - деді Олжас.
Үйді бір сәт үнсіздік орын алды. Абдырап қалған келіні:
- Аа, солай ма еді, кешіріңіз, білмеген соң... Апа естідіңіз бе? Жақында той бұйырса,- деп қуанғанын жасыра алмады.
- Балам, рас айтып отырсың ба? Анық көзің жетеді ме?
- Аузы күйген үрлеп ішер деген. Мен ол кісілермен танысып келдім, мам. Қарапайым жандар. Үй іші маған бала кезімді еске салды.
- Бағың жансын құлыным, - деп баласының басынан сипады.
Олжас Астанаға кеткелі Мариямнан маза кетті. Аңдығаны телефон. Жұмысқа да селсоқ барып келеді. Олжаспен аралары жақын болғалы, ол Мариямға кешкі жұмысқа баруға тыйым салған. Тек күндіз такси айдайды. Ал, анасы мен әкесі Астанаға алғашқы сапарларына үлкен үмітпен дайындалып жатты.


 Олжас бір аптадан кейін қайтып келді. Мариям қуана қарсы алды. Ата-анасы да қуанышты. Олжас Астанадағы ауруханадан Әкімге барлығын дайындап қойғанын айтты. Ертең бұйырса жол жүреді. Осылайша шүйіркелесіп отырғанда Елдас хабарласып, тез келуін сұрады. Тыныштық болғай деп Олжас үйіне келді. Үй іші оны көңілсіз қарсы алды. Әңгімені Елжас бастады:
- Аға, сен не істеп жүрсің? Айдаладағы танымайтын біреуге қанша қаражат құрттың?
- Онда тұрған не бар? Ол айдаладағы біреу емес, менің болашақ жарымның әкесі.
- Бірақ, болашақ жарым емес, оның әкесі. Ал сіз оны аяғынан тұрғызуға міндетті емессіз.
- Сенің не шаруаң бар? Тіпті, танымайтын біреу болса да саған сауап керек емес пе? - деп ашуланып кетті.
- Сауапты жасайм десең өз ақшаңа жасай бер, ортақ кассаға тиіспе!
- Сен енді сенікі-менікі дегенді шығардың ба?
- Ол ақшаны жалғыз өзің тапқан жоқсың! Менің де үлесім бар. Оны болашақ бала-шағамызға жинап жатыр едік қой, біреуге қайырымдылық жасауға емес.
- Елжас, көзіңді шел басайын депті. Бала кезіңді ұмыттың ба? Анамыз қалай өсіргенін ше? Ал анам бұл ісіме қарсы емес,-деп анасына қарады.
- Елжасқа түсіндіре алмадым балам,- деп анасы төмен қарады.
- Өздерің біліңдерші, бірақ касса енді бөлек болады,- деді де сыртқа шығып кетті. Үнсіз тұрған келіні миығынан жымиды да бөлмесіне кетті. Анасы мен Олжас біраз әңгіме қылды. Батасын алып, ертең жол жүріп кетпекші.
Таңертең Олжас ерте келді. Өз көлігімен Мариям мен әкесін алып кетті. Алладан дұға тілеп анасы мен інісі үйде қалды. Үшеуі Астанаға келіп, Олжастың үйіне жайғасты. Үйі екі бөлмелі. Анау айтқандай қымбат бұйымдар да жоқ. Олжас бойдақ болған соң, үйге онша мән бермейді. Анасының жағдайын ойлап сол үйді ғана көркейте берген еді. Бір күн демалып, Әкім отаға дайындалды. Барлық тексерістен өтті. Анализ нәтижелері жақсы. Жүрек қалпында. Еш қиындықсыз отаны бастауға болатынын айтты. Көп күттірмей-ақ, жақсы жаңалық естіді. Ота сәтті өтті. Жүріп кетуге үміт бар. Бірақ біраз уақыт, массаж бен жаттығулар керек екен. Мариям қуанғанынан жылап жіберді. Дереу анасына хабарласып сүйінші сұрады.


 Анасы мен інісі қуанышты хабарды есітіп жүрегі жарылардай болды. Анасы дереу нан илеп, құдай таратамын деп кірісіп кетті.
Отадан соң Мариям мен әкесі екі жеті Астанада болып, үйіне қайтты. Дәрігердің тағайындауымен, бір ай демалып, массаж бен жаттығуларды бастайтынын айтты. Әле Астанаға біраз қатынайтынын білсе де Мариям қуанышты еді. Үйге келіп, демалып, отбасымен көңілді күндерін өткізіп жүргенде, аяқ астынан бір күні Елжас үйге кіріп келді. Амандық жоқ, саулық жоқ:
- Қателеспесем Мариям, сіз боласыз ба?
- Иә, мен. Сіз Елжас емессіз бе?
- Дәл таптыңыз, байқаймын, көңілдісіздер. Әрине көңілді болмағанда ше? Кетіп жатқан біреудің ақшасы, сіздердің түктеріңіз де шығын болған жоқ. Олжастың басын айналдырып, ақшасына бола жүргеніңіз бесенеден белгілі. Құттықтаймын, ота сәтті өтіпті. Қанша мың доллар кеткенін білесіз бе сол отаға? Өмір бойы жұмыс жасасаңыз да, тауып бере алмайсыз! Мейлі, болар іс болды, тек біле жүргендеріңізді қаладым!- деді де шығып кетті. Үй іші тым-тырыс. Мариямның аузына құм құйылғандай, тек үнсіз жылай берді. Ал әкесі, ештеңеден бейхабар, отаны жеңілдікпен мемлекет тарапынан жасалынды деп жүрген еді. Мариям амасыз бәрін айтуға тура келді. Әкім өзінің баласымен жасты жігіттен осынша сөз естігеніне налып, төсегінде теріс қарап жатты да қойды.
Ертеңіне үйге Олжас келді. Әкім мен Олжас жеке отырып сөйлесті. Інісінің келгенінен хабардар болған ол, сол жерде-ақ шешім шығарып үлгерді. Қызыңызға үйленбекшімін, рұқсатыңызды беріңіз,- дегенді естіген Әкім не айтарын білмей қалды. Бірақ іштей разы еді.
Екі жеті өткен соң Олжас пен Мариям шаңырақ көтерді. Дүркіретіп той да өткізді. Тойда бұртиып жүрген Елжас пен әйелі ғана. Қалғандары шексіз бақытты еді. Тойдан соң бұлардың үйде жүргенін қаламайтынын Елжас ашық жеткізді. Сондықтан Олжас пен Мариям Астанаға жиналды. Әкімнің де массаж алатын уақыты келген еді.
- Біз үшеуміз бірге ертең кететін болдық,- деді Олжас.
- Мен де барамын! Елжас жалт қараса анасы екен. Тіпті жиналып та үлгеріпті. Ешкім қарт ананың шешіміне қарсы тұрмады. Олжас пен Мариям тіптен қуанышты еді.


 Олжас пен Мариям, Әкім мен Құдағиы төртеуі Астанаға келгелі біраз уақыт болды. Әкім күнде массажға барып келеді. Олжас жұмысында. Ал, анасы енді Олжастың қолында тұрамын деп шешті. Бір айдан соң Әкімді үйге қайтарды. Тағы бір ай демалып, қайта келетін болды. Осылайша 6 ай қатынаса, өз аяғымен жүріп кетеді деді.
Бүгінде Олжас қосымша екі дәмхана ашқан. Мариям, қалған оқуын Астанаға ауыстырып осында оқып жатыр. Аяғы ауыр, жақында екеуі ата-ана атанады. Отбасы көбейетінін білген соң Олжас басқа үй сатып алды. Інісінің үйінен кем емес. Анасы Елжастың үйіне де барып тұрады. Олар өз күндерін өздері көруде. Олжас берген құрылыс алаңы мен дәмхананы өз бетінше жүргізіп отыр. Бақытты. Ал, Әкім Астанаға соңғы келгенінде әйелі мен баласы да келді. Қазір балдақпен жүріп жүр. Осыған да шүкір. Бұйырса құлан-таза айығып кетуіне аз қалды. Барлығы жиналып бүгін Олжас пен Мариямның қоныс тойын тойлауда. Балконға шыққан Мариям ақырын әкесін шақырды. Екеуі сөйлесіп отыр.
- Пап, Аллаға шүкір, жақында өзіңіз жүріп-тұрасыз. Сізге бір зат бермекші едім.
- Ол не қызым.
- Сізге жаңа көлік әперейін дегенмін, бірақ алмайтыныңызды білем. Мені табалады деп ренжисіз, сондықтан мына кілтті өзіңізге қайтарамын.
Әкім өзінің көлігінің кілтін таныды.
- Осы еді ғой маған керегі. Бұл менің береке дарыған көлігім. Мұны адал еңбекпен, маңдай теріммен жұмыс істеп сатып алғанмын. Сондықтан мен үшін өте қымбат. Рақмет қызым, саған да, күйеу балаға да,- деп Мариямның маңдайынан сүйді.
- Таксиші қыз, енді такси айдамайсыз ба?- деп қалжыңдап Олжас балконға кірді...


Соңы...






Пікір жазу