21.11.2021
281
Сағыныш
Елесіңе есім түгел табынғандай,
Жанарымнан жас домалап, жалынғандай.
Іздегенде табылмаған жан құмарым,
Бар қиялым бір өзіңе бағынғандай.
Бұл сезімді жеткізе алман, оспақ үнім.
Қаншама жыр арнасам да шорқақ тілім.
Сағынғаным соншалықты мен өзіңсіз,
Тыныс алып жүргендеймін босқа,күнім.
Сағыныштың ішсем де уын сарқып түгел,
Маңдайыма бұйырғаны түйме шідер.
Тұсаулайсың менде жанған шоқ сезімді,
Жалынына мұз төңкеріп,үзіп күдер.
Жүрек тулап іздеуменен егіледі,
Егілсе де, қолдарынан не келеді?
Бар келгені елес қуып күтуменен,
Шоқ қарыған сағынышқа беріледі.
Біле алмадым, жалт еткен бір шаттықпысың,
Әлде қайтпас, баға жетпес уақытпысың?
Тек білерім сағым қуып, сағынбаған,
Менен гөрі, сен едәуір бақыттысың...
10/01/2020