21.11.2021
245
Бәрі бітті
Бәрі бітті!..
Таусылды шыдам,
Алдады үміт, сенім де.
Жүректе қалды ауыр із,
Сенгені үшін сезімге.
Отыңа өзің күйгенде,
Өртенген шақта өзегің,
Сүйеніш таппай,
Жұбаныш таппай,
Ашынып, тулап, езіле..
Дес бере алмай ызаға,
Булығып өкпе-өңешің,
Тереңдеп кеткен ренішің,
Бағынбай ақыл, төзімге..
Арыла алмай қападан,
Қабағың бір сәт ашылмай,
Күн көрінбей көзіңе.
Бір сөзді іштей қайталап,
Серт бергендей өзіңе..
Бәрі бітті..
Бәрі бітті..
Бәрі бітті, дейсің-ау.!
Сенгің де келіп,
Сене де алмай,
Сергелдең еткен сөзіңе.
Тосады алдан қандай күн?
Жауапсыз қалар сұрақтар.
Өкініш..
Аяу..
Көңілде қаяу,
Қорқыныш тұнып көзіңе..
Жанар Ешназар