21.11.2021
  163


Автор:  Жанар Ешназар

Кірбің

Жүрекке қаяу түспесін,
Байқамай жүрме жара сап.
Көңілге кірбің түскесін,
Айналмас аққа - қара дақ.

Сезімді сүйсең мәпелеп,
Сенімің сергек оянар.
Көңілді алсаң төпелеп,
Қап-қара түске боялар.

Шынайы пейіл құм болар,
Ескермей кірбің салғасын.
Кеудеге сыздан мүк толар.
Көңілдер бос боп қалмасын.

Жанар Ешназар
20/05/2021





Пікір жазу