21.11.2021
197
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-7[2].jpg)
Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы
Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы,
Тойыңыз тойға ұласа берсін торқалы.
Әуенің сенің көлдердің күллі құйылысы,
Құйылысы көлдің шым тереңіне тартады.
Поэзия – аспан,
Сырбайдай нұрлардың бірі,
Поэзия – дала, Сырбайдай қырлардың бірі.
Біздің Торғайдың өзеніндей құрдымға құймай,
Құрлыққа құйған, жаса, Сырбайдың жыры!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы сырбай мәуленов ақын жыр торғай