21.11.2021
  199


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Махаббат жасыны

Әлде жаз ба еді, әлде күз бе еді,
Әлде сая ма, айдай түз бе еді?
Жалғыз білерім – әйел жынысы,
Әлде келіншек, әлде қыз ба еді?!
Әлде құштым ба, әлде қаймықтым,
Ашып айтар ем, әттең-ай, ұмыттым...
Майып еттің махаббат күркірі,
Қара жер сияқты мен жасын жай жұттым.





Пікір жазу