20.11.2021
  1426


Автор: Жібек Ысқақова

Бастауыш сынып ұстазым, туған күніңізбен

Ең алғашқы әріптерді үйретіп,
Білім берген ай дидарлы ұстазым.
Құтты болсын туған күнің, мерекең,
Бастауышта білім берер ұстазым.

Алға қарай мына бізді жетелеп,
Үйреттіңіз жазу менен сызуды.
Үйреніп ұстаз өзіңізден жақсыны,
Келем сіздің қайталап басқан ізіңді.

Құтты болсын туған күніңіз ұстазым,
Бар әлемнің бар бақытын тілеймін.
Алла жар боп ұстазым менің мейірімді,
Амандықта ортамызда жүр деймін.





Пікір жазу